Спорт • 25 Шілде, 2023
21-23 шілде күндері Малайзияның Малакка қаласында ұйымдастырылған пара каратэден Азия чемпионатында жерлестеріміз сәтті өнер көрсетіп, төрт медаль олжалады.
Теннис • 25 Шілде, 2023
Үздіктер қатарында екі өкіліміз бар
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) мен Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) теннисшілердің жаңартылған рейтингін жариялады.
Спорт • 25 Шілде, 2023
Франция тас жолдарында ұйымдастырылған велоспорттан жылдың ең беделді жарысы – «Тур де Франс» Гранд-туры өз мәресіне жетті. Биыл 110-шы рет өткізілген велошабандоздардың бейресми әлем чемпионатында 26 жастағы даниялық Йонас Вингегор («Jumbo-Visma») тағы да жеңімпаз атанды.
Тарих • 25 Шілде, 2023
Таяуда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ археологтары ерте темір дәуіріне жататын отбасылық қабірді тапты. Жерлеу рәсіміне қарағанда, бұл қабірлер әртүрлі уақытта салынған. Экспедиция жетекшісі қорған үйіндісінің астында тағы да жерлеу орындары болуы мүмкін екендігін айтады. Келешекте бұл қорған толығымен зерттелмек. Қазіргі уақытта барлық олжалар далалық зертханада айқындалып жатыр. Табылған археологиялық кешендер жетісулық көне тұрғындардың заттық және рухани мәдениетінен мәлімет береді.
Жәдігер • 25 Шілде, 2023
Ұлттық музейдің қорында бізге беймәлім жәдігерлер көп. Тарих көмбесінен сыр шертетін түрлі бұйымдар әр ғасырдағы мәдениетке жатады. Мәселен, соның бірі – бастары оңға-солға бұрылған жарты жылқы тәріздес алтыннан құйылған пластиналар. Ол Есік қорғанынан табылған. Біздің дәуірімізге дейінгі V-VІ ғасырларға жатады.