Аймақтар • 02 Шілде, 2020
Нұр-Сұлтанда науқастарды емдеуге қосымша төсек-орындар ашылды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қала әкімдігі COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеуге арналған төсек-орындарды кеңейту бойынша жүйелі негізде жұмыстар жүргізіп жатыр. Рамада Плаза ғимаратында қосымша 500 орын ашылады. Бірінші шілдеде 250 орын ашылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Спорт • 02 Шілде, 2020
Жапония БАҚ өкілдері ұйымдастырған сауалдама нәтижесі бойынша Токио тұрғындарының жартысынан көбі 2021 жылы өтетін Жазғы Олимпия ойындарын өткізуге қарсылық білдіруде.
Күрес • 02 Шілде, 2020
Ең «жас» және ең «кәрі» (Олимпиада чемпиондары кімдер?)
Күрес түрлерін серік еткен кейбір жалынды жігіттер 20 жасында-ақ дара талантымен оқшауланып, Олимпия ойындарының алтын тұғырына көтеріледі. Басқа бір балуандарға сол белес 40 жастан асып, ардагерлер санатына қосылған шағында ғана бағынады. Бір сөзбен айтсақ, бақ пен даңқ, атақ пен абырой біреуге ерте, біреуге кеш қонады. Бүгінгі әңгімеміз еркін күрес пен грек-рим күресі шеберлерінің арасында Олимпиада чемпионы атанған ең «жас» және ең «кәрі» балуандар жайында.
Саясат • 02 Шілде, 2020
Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты республикалық онлайн-конференция өтті.
Қоғам • 02 Шілде, 2020
Ауру асқынды: дәрі жоқ, маска қымбат
Әлемді әбігерге салып отырған коронавирус індетінің тоқтайтын түрі жоқ. Қайта күн санап күшейіп келеді. Көптің көңілінде де күмән көп. Жер шарын мазасыз күйге түсірген атышулы індеттің алдын алу мақсатында мемлекет тарапынан тиісті шаралар қабылдануда. Алайда соған қарамастан елімізде індет жұқтыру дерегі көбейіп отыр. Соңғы уақыттарда Жамбыл облысында да қауіпті індетті жұқтырған науқастар саны өскен. Сол себепті өңірде таяу уақытта шектеу шаралары қайта күшейтілетін болды.