Оқиға • 26 Шілде, 2024
Қарағандыда жол апатынан екі адам қаза тапты
25 шілдеде Алматы-Екатеринбург тасжолында жол апаты салдарынан екі адам қаза тауып, тағы 10 адам түрлі дене жарақаттарын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Шілде, 2024
Жаһан жұрты көз тіккен, жеңістің қуанышы мен жеңілістің өкініші қатар өрілетін Париж Олимпиадасында Атыраудан екі дзюдошы бақ сынайды. Оның бірі – Әбиба Әбужақынова, екінші балуан – Эсмигул Куюлова. Екеуі де – қазақ топырағына көршілес Өзбекстан Республикасынан оралған қандасымыз.
Спорт • 26 Шілде, 2024
Отандық грек-рим күресі шеберлері Олимпия ойындарында толағай табысқа қол жеткізгенін көзіқарақты көрермендер жақсы біледі. Кезінде Валерий Резанцев (1972, 1976 жылдары) екі дүркін Олимпиада чемпионы атанса, Анатолий Колесов (1964), Анатолий Быков (1976), Жақсылық Үшкемпіров (1980) және Шәміл Серіковке (1980) бұл белес бір мәрте бағынды. Владимир Бакулин (1968), Анатолий Быков (1980) және Дәулет Тұрлыханов (1988) күміс медальды иеленді. Бірақ бұл жүлделердің барлығы да келмеске кеткен КСРО-ның еншісінде қалды. Оған дара туған Дәулеттің ТМД құрамасы сапындағы Барселона Олимпиадасының қола медалін қосыңыз.
Қоғам • 26 Шілде, 2024
Алматыда қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, экологияға қамқорлық жасауға және әрбір адам денсаулық жағдайына қарамастан толыққанды өмір сүре алатын тең мүмкіндіктер қоғамын құруға бағытталған бірегей фестиваль өтті. Экология мен инклюзия үрдістерін біріктірген ауқымды отбасылық іс-шараға 4 мыңнан аса адам жиналды.
Бокс • 26 Шілде, 2024
Боксшыларымыздың Олимпиададағы алғашқы қарсыластары белгілі болды
25 шілде күні бокстан Париж Олимпиадасының жеребе тарту рәсімі өтті. Осылайша боксшыларымыздың олимпия ойындарындағы алғашқы қарсыластары анықталды, деп жазады Egemen.kz.