Қоғам • 25 Шілде, 2024

Димаш Құдайберген «Singer 2024» байқауында ән шырқайды

87 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген қытайлық Хунань телеарнасының «Singer 2024» вокалдық байқауының финалында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Димаш Құдайберген «Singer 2024» байқауында ән шырқайды

Фото:Weibo

Weibo басылымының хабарлауынша, «Singer 2024» финалы 26 шілдеде тікелей эфирде көрсетіледі. Байқау шарты бойынша бірінші кезеңде финалға шыққандар арнайы шақырылған әншілермен дуэтте ән шырқайды.

Екінші кезеңге жолдама алған төрт әншінің ең үздігі анықталады.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген финалдың басында құрметті қонақ ретінде сахнаға шығып, «Singer 2024» қатысушысы Шанте Торрейн Мурмен бірге ән шырқайды.

Бұған дейін, отандық әнші Рухия Байдүкен «Singer 2024» байқауының 8-ші кезеңінде өнер көрсетіп, келесі кезеңге өте алмаған еді.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген «Singer 2017» байқауында жүлделі екінші орын алған еді.