Аймақтар • 01 Шілде, 2020
Аудандық ауруханаларға орналастырылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңір басшылары мен ведомство жетекшілеріне сөгіс жариялап, ескерту бергені белгілі. Коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте сөгіс алған әкімдердің қатарында тағайындалғанына алты айдай уақыт болған Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов та бар.
Аймақтар • 01 Шілде, 2020
Жетісу індетпен қалай күресуде?
Жұқпалы індеттің таралуы Жетісу жерінде де өршіп тұр. Қазірге дейін облыста коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 700 адамнан асты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аймақтағы індетпен күрес жұмысы қалыпты жүріп жатыр. Қазір барлық емхана мен ауруханалар негізгі қызметін атқаруда. Өңірдегі «Жедел жәрдем» стансасы да қалыпты режімде жұмыс істеуде.
Коронавирус • 01 Шілде, 2020
Он адамның сегізі сенбеді. Неге?
Алматы арқылы Қазақстанға індет кірген күннен бастап, медицина тақырыбына қалам тербеуге ұмтылған бізден маза кеткен. 13 наурыздан бері бір күн де дамылдаған жоқпыз десек, әсіресөз емес.
Аймақтар • 01 Шілде, 2020
Бейқамдыққа бой алдыруға болмайды
Тобыл өңірінде соңғы бір аптаның ішінде COVID-19 жұқтырған 173 адам анықталып, науқас саны 500-ге бір-ақ жетті. Мұның сыртында, 389 тұрғын індеттің клиникалық көрсеткіші жоқ түрін жұқтырып, вирус тасымалдаушы деп танылып отыр. Ресми дерек бойынша індет ең көп тараған Қостанай қаласында – 177, Жітіқарада 157 жағдай тіркелген. Одан кейінгі орында Рудный, Тобыл және Арқалық қаласы тұр.
Руханият • 01 Шілде, 2020
Сәулетші туралы сөз еткенде, оның өзін жыға танымаған адам, қай жерде қандай қолтаңбасы бар екендігіне ой тоқтатып, көзі жеткенін бағалап, саралап, сүйсініс сезіміне ерік беріп, әлгі идеялардың авторына ыстық ілтипатымен құлай беріліп, сырттай болса да сол бейтанысына тілеулес болып жүреді. Егер дәм-тұзы 80 жасына 24 күн жетпей түгесілмегенде, отандық сәулет өнерінің саңлағы, «КAZGOR» жобалау академиясын 45 жыл бойы үздіксіз басқарған талантты ұйымдастырушы Әбдісағит Шаймұханбетұлы Тәтіғұлов өз мерейтойының төрінде бақыттан басы айналып отырар еді-ау! Өкініш өзекті өртейді. Әйтсе де көңілге медет жайларды амалсыз саралап та қаламыз. Еңсені тіктеу үшін, боркеміктенген ойды бекітіп алмаққа, кімнің кім екенін ажыратпақ мақсатпен. Қаралы митингіде Мемлекет басшысының көңіл айту жеделхаты оқылып еді. «...Ол ұлттық сәулет мектебін қалыптастырып, шәкірт тәрбиелеудің озық үлгісін көрсетті. Өнегелі ғұмыр кешіп, соңына өшпес із қалдырған Әбдісағит Тәтіғұловтың жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады».