Әлем • 01 Шілде, 2020
Коронавирус індеті ауыздықтауға көнбей тұр
Коронавирус пандемиясы шартарапты шарлап, күннен-күнге өршіп барады. Қазіргі таңда COVID-19 жұқтырғандар саны 10,5 миллионға жуықтаса, қайтыс болғандар саны 500 мыңнан асты. Күн сайын шамамен 160 мың адамның қауіпті вирустың тырнағына іліккені анықталып отыр.
Қоғам • 01 Шілде, 2020
Дәріхана алдындағы дүрбелең (Дертіне дауа іздегендер дәрі-дәрмек таппай жүр)
Қазіргі шырғалаң шақта дертіне дауа іздеп, дамыл таппай дәріханалардың алдын тоздырған жұрттың қатары күрт көбейді. Шектен тыс сұраныстың артуынан дене қызуын түсіретін дәрілерге қол жеткізу шетін мәселеге айналды. Екі күн бұрын індетке қарсы шаралар пысықталған кеңесте Мемлекет басшысының Үкіметке дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін бес күннің ішінде шешуді тапсырғаны дәтке қуат болып тұр.
Таным • 01 Шілде, 2020
АҚШ-та жарық көретін National geographic magazine журналының 1954 жылғы 61-санында «Қазақтар азаттыққа қалай аттанды», дейтін мақала жарияланған. Оның авторы Милтон Дж. Кларк дейтін америкалық азамат. Осы мақаламен бірге қазақтар өмірінен түсірілген түрлі-түсті суреттер де берілген. Бажайлап қарасаңыз, суреттерден нағыз қазақы тұрмысты, этнографиялық өмір салтты аңғарасыз. Суреттер Пәкістанның Сринагар қаласынан 90 шақырым жердегі биік таудың аңғарында түсірілген. Сонда бұл қазақтар кімдер?
Ұлы ақынның өнегесін дәріптейтін жаңа арна
Ақпарат кеңістігіне «Ақыл ойдың айнасы» деген ұранмен жол тартқан «Abai tv» мәдени-ағарту телеарнасының ресми таныстырылымы өтті. Салтанатты шараға Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, ғалым Намазалы Омашев, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева қатасты.
Қоғам • 01 Шілде, 2020
Қостанай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, аймақтағы ауылшаруашылық құрылымдарына 366 механизатор, 10 зоотехник, 20 малшы, 52 комбайншы, 40 мал дәрігері, 62 агроном, 50 дәнекерлеуші қажет екен.