Тарих • 24 Шілде, 2023
Ресейдің Смоленск облысында қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Бұл туралы хабар БҚО Ақсай қаласы әкімдігінің Facebook парақшасында жарияланған. Ресейдің Смоленск облысында бейіттен сүйектер шығару жұмыстары барысында Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан 1902 жылы туған Урнасай Мирасовтың сүйегі анықталды. Қазақстанда туған жауынгердің жеке заттарын табыстау үшін туыстары іздестірілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Шілде, 2023
Жыл басынан бері 1000-ға жуық сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс тіркелген
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Үкімет • 24 Шілде, 2023
Қазақстанда балаларға арналған мекемелерге тексеру жүргізіледі - Үкімет
Премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева көтерген мәселелер бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Шілде, 2023
Алматыда жалған купюраларды сатуды көздеген қылмыстық топ ұсталды
Алматыда бір топ жеке тұлғалар криптовалюталарды сатып алу желеуімен жалпы сомасы 20 300 АҚШ доллары болатын жалған 100 долларлық купюраларды сатуды көздеген, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ғылым • 24 Шілде, 2023
Әлемдік мұхиттардың жасылға боялуы қауіпті - ғалымдар
Қалыпты көк бояулы әлем мұхиттары жасылға боялып жатыр. Ғалымдар климаттың дәл осы өзгерісі аса қауіпті екенін айтып, дабыл қағып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Turkistan. kz сайтына сілтеме жасап.