Экономика • 25 Шілде, 2019
Тәжікстанмен алыс-беріс көбейеді
Шіліңгір шілденің ішінде Қазақстан кәсіпкерлері Душанбеге бір емес, екі рет қатарынан барды. Яғни, 11 шілдеде, одан кейін 18 шілдеде Душанбеге келген қазақстандық делегациялар сауда-саттықты ұлғайтуға әрекет етіп отыр.
Экономика • 25 Шілде, 2019
Әлемдегі саяси ахуал, қаржы жүйесіндегі өзгерістер, нарықтағы бәсекелестіктің артуы, жаңа технологиялардың дамуы, азық-түлік қауіпсіздігі мен әлеуметтік шиеленістер сияқты ғаламдық мәселелерді қозғаған экономист-ғалымдар экономика ғылымдарының докторы, профессор Марат Кенжеғозиннің туғанына 80 жыл толуына орай өткен «Қазақстан экономикасы: қазіргіден болашаққа» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында бас қосты.
Спорт • 25 Шілде, 2019
Нұр-Сұлтанда еркін күрестен әлем чемпионаты өтеді
Еркін күрестен Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионаты 19-22 қыркүйек аралығында өтеді. 2020 жылы Жапонияның бас шаһары – Токиода алауы тұтанатын Олимпия ойындарының жолдамалары сарапқа салынатын жарысқа бұл күндері Әсет Серікбаев жетекшілік ететін Қазақстанның ұлттық құрамасы тыңғылықты даярлануда. Команданың алдында тұрған басты мақсат – төртжылдықтың басты додасының лицензиясын молынан олжалау. Ал ондай құрметке тек әр салмақ дәрежесі бойынша алғашқы алты орынды иеленген балуандар ғана бөленеді.
Руханият • 25 Шілде, 2019
Әдебиеттің әлемді бағындырудағы күші
Аударма саласында қарымды еңбек етіп жүрген әріптесіміз Тұрсынбай Жандәулеттің қазірге дейін жеті кітабы, «Қазақ ұлттық идеологиясының мәселелері» атты ғылыми монографиясы жарық көрген. Қаламгер орталық телеарналарға арнап мыңнан астам фильмді, сондай-ақ отызға жуық туындыны қазақ тіліне тәржімалаған. Ол аударған кітаптардың ішінде Нобель сыйлығының лауреаты, испан жазушысы Камило Хосе Селаның романдары, Карл Поппердің екі томдық «Ашық қоғам және оның жаулары» атты күрделі философиялық шығармасы бар. «Дегдар», «Тәуелсіздік толғауы» әдеби сыйлықтарының иегері Т.Жандәулеттің осы жылы «Творение цифры: Атлантида – Казахия» атты ғылыми-фантастикалық романы орыс тілінде жарық көрді. Шағын сұхбатымызда автор осы және отандық әдебиеттің басқа да толғақты мәселелері туралы ой қозғайды.
Руханият • 25 Шілде, 2019
Қарадалам – бабадан қалған бай далам
Жетісу жері неше мың жылдан бері түркі халқының ту тіккен тұрақты мекені болды. Бұл өңірде жыл санауымыздан бұрынғы II ғасырдан жыл санауымыздың V ғасырына дейін үйсіндер қуатты мемлекет құрды. Үйсіндерден соң Юебандар мемлекетті биледі. Одан соң Батыс Түрік, Түркеш, Қарлұқ, Қарахан мемлекеттері өмір сүрді. Шыңғыс хан заманында Жетісу жері Шағатайдың иелігінде болды. Алайда, Шағатай мемлекеті де бүлінбей тұра алмады. Осының бәрінің негізгі бір орталығы – қазақтың қасиетті Қарадаласы еді.