Бизнес • 24 Шілде, 2023
Кәсіпкер және жеңілдетілген қаржыландыру
KMF компаниясы «Даму» қорымен бірлесе отырып бизнес үшін жеңілдетілген микроқаржыландыру бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлерге несие ұсынады. Микро, шағын және орта кәсіп иелері 27% (ЖТСМ 30,5%-ға дейін) мөлшерлеме бойынша қаржыландыруға ие болып, қаражатты айналым капиталын толықтыруға немесе өндірісті жаңғыртуға бағыттай алады. Оны рәсімдеу үшін көп құжат талап етілмейді.
Экономика • 24 Шілде, 2023
Елімізде құс етіне сұраныс әр кезде де жоғары. Ет өнімдері ішінде сиыр етінен кейін ең көп тұтынылатыны – құс еті. Соған сай азық-түлік нарығында құс өнімдерін өндіру қарқынды дамып келеді. Бұл бағыттағы сан салалы іс-шаралар кең көлемді мемлекет қолдауына ие. Құс етінің өндірісі, таралымы, бағасы Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция министрліктерінің, сондай-ақ осы салаға тікелей мүдделі Қазақстан құс өсірушілер одағы, Құс фабрикалары одағы, Жұмыртқа өсірушілер қауымдастығының ұдайы назарында, бақылауында.
Қоғам • 24 Шілде, 2023
Қаржы мониторингі агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Chia Tai Pharmaceutical» компаниясының өкілдеріне қатысты тергеу жұмысын бастады, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.
Қоғам • 24 Шілде, 2023
Қазір полицейлер алдындағы үлкен міндеттің бірі – халық сеніміне ие болып, елмен етене жұмыс істеу. Жұртпен алғаусыз араласқанда ғана азаматтардың сала қызметіне жүгінуі барынша жеңілдейді. Бұл қауіпсіз қоғам қалыптастыра отырып, түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алудың басты шарты. Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мақсұтхан Әбіләзімовтің ел алдындағы есебінде осы бағытта атқарылып жатқан шаралар жайлы айтылды.
Заң • 24 Шілде, 2023
Құқық саласын цифрландыру: жеделдік пен сенім
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы халыққа Жолдауларында қылмыстық үдерісті цифрлық нысанға көшіру қажеттігі туралы айтып келеді. Мәселен, 2021 жылғы халыққа Жолдауында қызметтің барлық бағыттарын цифрландыруға қатысты көп айтылған. Заманауи әлемде бәсекеге қабілеттіліктің басты факторларының бірі терең цифрландыру екендігіне ерекше назар аударылды.