«Даму» қорымен серіктестігіміз аясында ұсынылып отырған жеңілдетілген қаржыландыру кәсіпкерлерге өз бизнесін дамыту үшін қажетті соманы тез алуға мүмкіндік береді. Несиелеу мерзімі мақсатқа байланысты және оны 84 айға дейін алуға болады. Біз клиенттерге барынша икемділік танытамыз, себебі кәсіпкерлер тарапынан қолжетімді микрокредиттерге деген қажеттіліктің жоғары екенін байқаймыз. Сондықтан біздің компания өнімдер мен қызметті бизнеске тартымды шарттармен ұсынуға тырысады. Бизнес иелері KMF сайты арқылы, мобильді қосымшамызда немесе жеке менеджері арқылы қаржыландыруға өтінім бере алады, ол мақұлдағаннан кейін қаражат шотқа үш сағат ішінде түседі», дейді KMF компаниясының Сату және аймақтық желіні дамыту департаментінің директоры Арман Абылайхан.
KMF жыл сайын жүздеген мың кәсіпкерге қызмет көрсетеді және олардың басым бөлігі ауылдық жерлерден, сондықтан олар үшін жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемемен ұсынылатын қаржыландырудың қолжетімді болуы аса маңызды.
«Бұл қаржыландыруды сауда, қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы салаларындағы бизнес иелері рәсімдей алады. Қойылатын басты талап – кәсіпкер мәртебесін растау. Біз өз тарапымыздан жан-жақты қолдау көрсетіп, кеңес береміз. Жеке менеджерлеріміз бизнестерін бағалау үшін клиенттерге өздері барады, бұл кәсіпкерлердің уақытын айтарлықтай үнемдейді әрі несие алу үдерісін жеделдетуге мүмкіндік береді», дейді А.Абылайхан.
Айта кетейік, KMF компаниясы микро және шағын бизнеспен 1997 жылдан бері жұмыс істейді. Компания клиенттерінің 90%-ға жуығы – кәсіпкерлер. Олар KMF мобильді қосымшасында, сайтта, сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірінде бар бөлімшелерінде несиені алуға өтінімді рәсімдей алады. KMF-тің тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығына 7474 номері арқылы қоңырау шалып, жеңілдікті микрокредит туралы толық ақпаратты алуға болады.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы.