Үкімет • 28 Шілде, 2020
Экологиялық сауатты ұрпақ өсіруіміз керек
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен экологиялық білім жөнінде дөңгелек үстел өтті. Қазақстандық қоғамда экологиялық білім беру, экологиялық мәдениетті тәрбиелеу және қалыптастыру мәселелері талқыланған жиынға сала мамандары, зерттеуші ғалымдар, сарапшылар мен журналистер қатысты.
Аймақтар • 28 Шілде, 2020
Бүгінде барша дүниені жайлаған коронавирус індеті дүйім жұрттың үрейін алуда. Көптің көңілін күпті еткен кесел талайдың тағдырын айналып өтпегені де рас. Бұл ретте қолдан келген көмегін аямай, көпшілікпен бірге болған кәсіпкерлер де жетерлік.
Аймақтар • 28 Шілде, 2020
Қостанай облысында COVID-19 анықталған алғашқы науқас 31 наурызда тіркелді. Содан бері жойқын індетке қарсы жан алып, жан беріскен майдан алаңына айналған палаталарда ақ халат киген жүздеген жауынгер шыбын жанын шүберекке түйіп, адам өмірі үшін арпалысып жүр. Оқ атылып, бомба жарылып жатқан жоқ. Бірақ кәдімгі сұрапыл соғыс жүріп жатыр. Каска орнына маска киген қатардағы қарапайым медбикелер зеңбіректің орнына оттегі баллондарын сүйретіп, алдыңғы шепте жүр. Өкініштісі, аймақта үш жарым айдың ішінде 81 дәрігер вирус жұқтырып, екі медицина қызметкері көз жұмды.
Кәсіпқой бокс • 28 Шілде, 2020
Жексенбі күні Беларусьтің бас шаһары – Минскіде кәсіпқой бокс жекпе-жектері өтті. Шаршы алаңға шыққан бес қазақстандық боксшының төртеуі қарсыластарын тізе бүктірсе, өкінішке қарай бір қандасымыз ұпай саны бойынша жеңіліп қалды.
Футбол • 28 Шілде, 2020
«Алтын бутсы» иегері белгілі болды
Күні кеше футболдан Ағылшын премьер-лигасының 2019-2020 жылғы маусымы аяқталып, жылдың үздіктеріне берілетін «Алтын бутсы» мен «Алтын қолғап» иегері анықталды.