Экономика • 25 Шілде, 2024
Аралды суға толтыру амалы: Жай сөз бе, нақты іс пе?
Өткен аптада Су ресурстары және ирригация министрлігі Солтүстік Арал теңізіне өткен жылмен салыстырғанда 12,5 есе артық су келіп жатыр деп мәлімдеді. Қазір теңізге секундына 75 текше метрге дейін су құйылып жатыр. Бұл – Өзбекстан және Қырғызстанмен жүргізілген бірлескен жұмыстың нәтижесі. Дариядағы су қалыбынан бөлек, дүркін-дүркін жаңбыр жауып, жер ылғалы да дұрыс болып тұр. Бір қызығы...
Экономика • 25 Шілде, 2024
«Astana invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығына қарасты №1 Индустриялық паркте заманға сай түрлі өнім шығаратын көптеген кәсіпорын бар. Соның бірі – «Swissgrow» ЖШС. 2017 жылы ашылған, 1,5 гектар аумақты алып жатқан компания жыл сайын мыңдаған тонна минералды тыңайтқышты нарыққа шығарады.
Қоғам • 25 Шілде, 2024
Биыл ел аумағында шомылу маусымы басталғалы 35 бала суға кетті. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда балалардың өлім құшу көрсеткіші 20 пайызға артқан. Жазатайым жағдайлар жағажайды жағалайтын отандастарымыздың қауіпсіздік ережелерін елемеуінен тіркеліп отыр. Осы орайда ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары, полковник Ақылбек АХМЕТЖАНОВПЕН аз-кем әңгімелестік. Келеңсіз оқиғалардың алдын алу мақсатындағы қағидаттарды сұрап білдік.
Ғылым • 25 Шілде, 2024
Кіші ғарыш аппараттарын ұшырады
Былтыр Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қытайдың Солтүстік-батыс политехникалық университетінің филиалы ашылды.
Ғылым • 25 Шілде, 2024
Тазының генетикалық құрылымын зерттеді
Халқымыз «Ит – жеті қазынаның бірі» деп айтады. Әсіресе оның ішінде жүгірген аңды құр жібермейтін қазақы тазының жөні бөлек. Алайда тазының осы уақытқа дейін генетикалық құрылымы жұмбақ болып келді. Отандық Генетика және физиология институтының ғалымдары соның жауабын заманауи молекулалық-генетикалық әдістерді қолдана отырып шешуді ұйғарған. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.