Әлем • 24 Шілде, 2024

Экспорт көлемі ұлғайды

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қаңтар-мамыр айларында Қытайға экспортты 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,4%-ға, Ресейге 5,7%-ға арттырды. Тиісті деректерді Қазақстан экономика министрлігінің Экономикалық зерттеулер институты келтірді.

Экспорт көлемі ұлғайды

Экспорт бойынша Қазақстанның негізгі серіктестері арасында Қытай, Италия және Ресей ерекше көзге түседі. Қытайға жеткізілім 19,4%-ға өсіп, $6,8 млрд-қа жетті. Сонымен бірге Италияға экспорт 10,5%-ға, 4 4,6 млрд-қа дейін қысқарды, ал Ресейге (қаңтар-мамырда экс­­порт) 5,7%-ға, $2,8 млрд-қа дейін артты. Сонымен бірге, осы кезең­де Ре­сей­ден импорт 10,1%-ға төмендеді. Ресей жеткізілімдердің азаюы­на қа­ра­мастан, Қазақстанға тауарлардың ірі жеткізушісі болып қа­ла береді.

Сондай-ақ 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан сыртқы сауда айналымының 55,3 млрд құрайтын қалыпты қысқаруына тап болды. Алайда жалпы құлдырауға қарамастан, елдің экспорты 1,8%-ға өсіп, 32,5 млрд долларға жетті, ал импорт 7,2%-ға, 22,9 млрд долларға дейін төмендеді.