«Қазақстан мен Әзербайжан – стратегиялық серіктес әрі одақтас елдер. Мұның кепілі – Мемлекеттер басшылары арасындағы саяси диалог. Президенттер жиі кездесулер өткізіп, өзара сапарлар жасайды. Біздің Президенттің Бакуде COP29-ға қатысуын күтеміз», деді Елші. Естеріңізге сала кетейік, биыл қараша айында Әзербайжанда БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына байланысты конференциясының 29-шы сессиясы өтеді. Бұл туралы шешім былтыр 11 желтоқсанында Дубайда өткен СОР28 пленарлық отырысында қабылданды. Екі апта ішінде Баку әлемнің орталығына айналып, 70-80 мыңға жуық шетелдік қонақтарды қабылдайды.
Бұдан бөлек, Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел былтыр осы елге Орталық Азиядан барған әрбір екінші турист Қазақстаннан келгенін айтты. Былтыр Әзербайжанға 58 мың, биыл қаңтар-маусым айларында 38 мыңнан астам қазақ туристері келген.