Аймақтар • 24 Шілде, 2019
Министр Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысында болды
Бүгін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді. Өңірге жұмыс сапары барысында министр әуелі Тараз қалалық жұмыспен қамту орталығында болып, атаулы әлеуметтік көмектің берілу барысымен танысты.
Технология • 24 Шілде, 2019
Адам миының көшірмесі жасалады
Microsoft компаниясы Илон Масктің адам миының көшірмесін жасауға бағытталған жасанды интеллект жобасына 1 млрд доллар көлемінде инвестиция жасады.
Спорт • 24 Шілде, 2019
Токио-2020: Қазақстан спортшыларының еншісінде 5 жолдама бар
Тура бір жылдан соң, 24 шілде күні, Токиода төртжылдықтың ең маңызды спорттық оқиғасы – 2020 жылғы Олимпиада ойындары басталады. Қазақстан құрамасы аталған ойын қарсаңында Олимпиада жолдамасына таласуда. Бүгінге дейін #TEAMKZ спортшылары бес жолдама еншіледі. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 24 Шілде, 2019
Браконьерлер қолынан қаза тапқан Қаныш Нұртазинов жұма күні жерленеді
Қаныш Нұртазиновты туыстары мен жақындары жұма күні, 26 шілдеде Қарағанды облысының Жезқазған қаласында ақтық сапарға шығарып салады. Марқұмның мәйіті, алдын ала мәлімет бойынша, туған жеріне 25 шілдеде жеткізіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Аймақтар • 24 Шілде, 2019
Бақытжан Сағынтаев мүмкіндігі шектеулі жандардың қалалық қоғамдастығымен кездесті
Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.