Аймақтар • 18 Шілде, 2018
Сыр өңірінде жыл басынан бері 228 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Қызылорда облысында жыл басынан бері 228 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл туралы аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев облыстық мәслихат сессиясының кезекті отырысында мәлімдеді.
Қазақстан • 18 Шілде, 2018
Қазақстандық суретші «Ядросыз болашақ үшін» сыйлығын жеңіп алды
Қазақстан суретшісі, АТОМ жобасының Құрметті елшісі Қаріпбек Күйіков 2018 жылы «Ядросыз болашақ үшін» сыйлығының лауреаты атанды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.
Аймақтар • 18 Шілде, 2018
Семей қаласынан 240 шақырым қашықтықта орналасқан, жолы қырық жамау, ойдым-ойдым, байланысы нашар, халқы жылдан жылға сиреп бара жатқан топырағы қасиетті Ақбұлақ ауылында жергілікті жұрттың еңсесін көтеріп, көңілдерін серпілткен тамаша шара өтті. Топырағы қасиетті деп бекерге айтып отырған жоқпыз. Бұл ауылда тұңғыш рет шет елде ән шырқап, алаштың атын төрткүл дүниеге паш еткен қазақтың ұлы әншісі, актер Әміре Қашаубаев дүние есігін ашқаны белгілі.
Аймақтар • 18 Шілде, 2018
Қызылордада АӨК саласында 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ
2018-2022 жылдары облыста агрокартаны жүзеге асыруға арналған іс-шаралар жоспарынының шеңберінде ағымдағы жылы 7 млрд. теңгеден астам сомаға 10 инвестициялық жоба іске қосылады. Бұл туралы облыстық мәслихат сессиясының отырысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.
Аймақтар • 18 Шілде, 2018
Қамбаш көлінде демалушылардың қатары жыл сайын көбейіп келеді
Жер бетіндегі тіршілік атаулыны алып табаға салып қуырған шіліңгір шілдеде Қызылордалықтар саяны Қамбаш көлінен тауып жатыр.