Медицина • 18 Шілде, 2018

Жаңа әскери мамандықтар ашылды

1454 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еліміздің әскери ЖОО-ларында қазақстандықтар үшін жаңа әс­кери мамандықтар қолжетімді болып отыр. Оның ішінде, биыл­ғы жылдан бастап Радиоэлектроника және байланыс әс­кери-инженерлік институтында «Цифрлы Қазақстан» ке­шенді бағдарламасын іске асыру шеңберінде және Қазақстан Қарулы Күш­терін ақпараттық технологиялар саласы мамандарымен қам­тамасыз ету мақсатында алғаш рет «Бағдарламалау» білік­ті­лігін бере отырып, «Киберқауіпсіздік» мамандығы ашылды. 

Жаңа әскери мамандықтар ашылды

Қорғаныс министрлігі Кадр­лар және әскери білім де­пар­та­ме­нтінен хабарлағандай, Қор­ға­ныс министрлігінің әскери ЖОО-лары мен Кадет корпусына оқу­ға түсу үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен 3000-ға жуық адам құжат тапсырған. Олардың барлығы бөлінген 865 орынға үміт­теніп отыр. Ағымдағы жыл­ғы 20 шілдеден бастап бозбалалар төрт кезеңді қамтитын ірік­теуден өту үшін оқу орында­ры­на келе бастайды. Егер аза­мат­тық жалпы білім беру мек­теп­терінің түлектері алдын-ала ме­дициналық куәландыруды өздерінің өңірлерінде өтсе, кә­сі­би психологиялық іріктеу, де­не дайындығын, түбегейлі ме­ди­циналық куәландыруды олар­ға тікелей білім алатын ЖОО-да өтуге тура келеді.

Ағым­да­ғы жы­лы алғаш рет Ресей Фе­де­ра­циясы Қорғаныс минис­тр­­лі­гі­нің әскери оқу орындарына «Аударма және аударманы жүр­гі­зу», «Геоақпараттық картогра­фия», «Ғарыштық кешендер же­лі­лері мен байланыс жүйелері» жә­не «Жерүсті әскерлердегі емдеу ісі» мамандықтары бойынша қыз балаларды қабылдау жүзеге асырылады. Аталмыш іріктеу Алматыда Құрлық әскерлері әскери институтының базасында өтетін болады. Оқыту аяқталған соң қыздар әскери қызметті Қазақ­станның Қарулы Күштері қатарында жалғастыратындарын айта кету қажет. Білікті мамандар болуының, сондай-ақ бәсекеге қа­білетті білікті мамандарды даяр­лаудың маңыздылығын тү­сіне отырып, Қарулы Күштер құ­рылған сәттен бастап әскери білім беруді дамытуға ерекше мән берілді.

Нәтижесінде 26 жыл ішінде Қазақстанда Қарулы Күш­тер дамуының келешегіне сай келетін әскери кадрларды даярлаудың ұлттық жүйесі құ­рылды. Жүйе үздіксіз білім бе­ру процесін қамтамасыз ете­ді және «Білім беру туралы» Қазақ­стан Республикасының за­ңын­да қарастырылған бес дең­гей­ді қамтиды. Бұл орта бі­лім, техникалық және кәсіби, жо­ғары білім – бакалавриат, жоғары оқу орнынан кейінгі білім – магистратура және докторантура, сондай-ақ қосымша білім – әскери кафедралар, қайта даярлау және біліктілікті арттыру.

«Егемен-ақпарат»