Балалар • 21 Шілде, 2023
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жеңіл-желпі қарайтын мәселе емес, ол – әрі демалыс, әрі тәрбие. Маңғыстауда лагерьді айрықша ұйымдастырумен, оқушыларға ұлттық құндылықтарды үйретумен танымал болған Түпқараған ауданында Ақкетік қаласының жағажайында шатырлы лагерь ұйымдастырылуда деген жаңалық құлаққа тиді. Жақында Маңғыстау облысы әкімдігінің, облыстық Білім басқармасының қолдауымен, аудандық әкімдік пен білім бөлімінің жұмылуымен жүзеге асқан шатырлы лагерь жұмысымен танысып қайттық.
Қоғам • 21 Шілде, 2023
«Жайлы мектептің» ендігі жай-жапсары
«Жайлы мектептің» жайсыз ахуалы туралы өткен нөмірде жазған болатынбыз. «Samruk-Kazyna Construction» компаниясы сол мақалада көтерілген бірқатар мәселеге қатысты жауап берді.
Қоғам • 21 Шілде, 2023
Аспан асты, жер үстіндегі аласапыран тіршілікте тұмса табиғаттың қадір-қасиетін сезініп, оны аялай білу адамзат баласының асыл мұрасы емес пе? Түздің тазалығын сақтап, оған жанашырлық таныту да адамгершілік пен мәдениеттің деңгейін көрсетсе керек. Тыныстап жүрген ауамыз таза, ішер суымыз тұнық болса, денсаулығымыздың мықты, жасымыздың ұзара түсері сөзсіз. Алайда мұны қаперге алмаудың, қоршаған ортаға аяушылық танытпаудың салдары бүгінгі қоғамға ғана емес, ұрпағымыздың келешегі үшін де аса қауіпті.
Оқиға • 21 Шілде, 2023
Каспий теңізі – руханият үшін таңғажайып тарих пен тағылымды аңыздардың өзегі, экономикалық тұрғыда қойнауы қазынаға толы мекен, еліміздің бірегей су қақпасы. Өкінішке қарай, кейінгі жылдары Каспий теңізінде алаңдатарлық түрлі экологиялық оқиғалар орын алып жатыр. Итбалықтардың қырылуын ауадан көрдік, судың өзін кінәладық, құрылған тордан көрдік, жағалауда бір бұзықтың итбалықты таяқтап жатқаны көріне кетіп, сол бұзыққа шүйліктік. Ақыры жыл сайын итбалықтың жаппай қырылуы сол бір таяқтың әсерінен болғандай үлкен «ғылыми жаңалықпен» тыныстадық.
Футбол • 21 Шілде, 2023
Орталық Азия дербиі қайта жалғасты
Футболдан КСРО чемпионатында бітіспес қарсыласқа айналып, қазақ-өзбек жанкүйерлеріне тартысты кездесулер ұсынған Алматының «Қайраты» мен Ташкенттің «Пахтакоры» арасындағы Орталық Азия дербиі 20 жылдан кейін қайта жалғасын тапқаны белгілі. Осы жылдың басында екі ұжымның басшылығы жолдастық кездесулер сериясын өткізуді жоспарлаған еді. Соның алғашқысы 25 ақпанда Ташкентте өтіп, алаң қожайындарының жеңісімен (4:3) аяқталса, осы сәрсенбі күні Алматыдағы Орталық стадионда ұйымдастырылған қарымта матчта да өзбек ағайындардың бәсі басым болды – 0:1.