Таным • 18 Шілде, 2018
Басынан аяғына дейін белгілі бір оқиғаны фильмнің темірқазығы етіп, соңғы шешіміне жеткенше көрерменді бір тыныспен ұстайтын классикалық мағынасындағы көркем фильм талайдан бері экран бетінен көрінбей кетті десек, бұл пікірмен көрерменнің көпшілігі келісетін болар.
Білім • 18 Шілде, 2018
Мағжан Жұмабаевтың ақындық кемеліне келгенде жазған поэмасы – «Батыр Баян». Қазақ поэзиясының інжу-маржанына айналған осы поэмада Мағжанның өмір туралы ұстанымы, көзқарастары жыр қанатында самғап, өнер қалыбына құйылған.
Білім • 18 Шілде, 2018
Жеткіншектер сауықтыру лагерінде өз-өзін жетілдіре түсті
Биыл Қарағанды өңірінің Бектауата шатқалындағы балаларға арналған «Факел» маусымдық сауықтыру лагері тағы бір тамаша бастаманы қолға алды. Табиғат аясына шыққан жас жеткіншектер бұдан былай демалып қана қоймай, зияткерлікті дамыту алаңдарында өздерінің қабілеттерін арттыруға мүмкіндіктері бар. Атап айтқанда, робот-техника, қолмен модельдеу, қолданбалы өнер зертханаларында жұмыс істеу, лагерь ландшафтарын көгалдандыру, көгершін асырау, би үйірмесі, қуыршақ театры және үштілділік сияқты жазғы мектептердің жұмысы бүгінде лагерь аясын кеңейте түскен. Бұл біріншіден, балалардың танымы мен талантын ұштау болса, екінші жағынан туризмнің тетіктерін жетілдірудің тағы бір арнасы деуімізге болады.
Білім • 18 Шілде, 2018
Жетісайдағы Бауыржан Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназия үздіктері көп үлгілі мектеп
Түркістан облысында бір мектеп бар, түлектерінің барлығы дерлік ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсетеді. Тағы бір ерекшелігі жыл сайын түлектерінің 40-50-і «Алтын белгі» мен 20-дан астамы «Үздік аттестат» иегері атанып шығады. Таңғалатындар да, мұндай жоғары көрсеткіштің құпиясын білгісі келетіндер де көп. Мектеп мұғалімдерінің айтуынша, ешқандай да құпия жоқ. Тек әрбір ұстаз өз міндетін мінсіз атқарып, әр оқушы білімге деген таудай талаппен мектепке асығады.
Білім • 18 Шілде, 2018
Семейлік оқушылар дін тарихын оқиды
Семейде 8-сынып оқушыларына жаңадан кіргізілетін «Дін тану негіздері және зайырлылық» курсы талқыланды.