Руханият • 23 Шілде, 2019
Тұрмағамбет Ізтілеуұлының жаңа қолжазбасы табылды
Тұрмағамбет шығармаларының негізгі бөлігі бұрынғы ҚР ҰҒА М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қолжазба және текстология бөлімінің қорында сақталған. Атақты шайырдың қолжазба мұрасын 1981 жылы ақынның ұлы Әбдірауық Тұрмағамбетұлы өткізіп, тиісті қаламақысын алғаны туралы аталған қордың тіркеу кітапшасында тіркеліп, «Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы» көптомдық сериясының 5-томына енген.
Экономика • 23 Шілде, 2019
Алматы – «15:15-тегі саяхаттар» халықаралық жобасына қосылған алғашқы қала
Алматы қаласы «15:15-тегі саяхаттар» халықаралық туристік жобасына қосылды. Бұл – Еуропаның 40-тан астам қаласында күнделікті жергілікті уақытпен 15:15-те басталатын заманауи саяхатшыларға арналған қалалық пайдалы экскурсиялар легі. Алматы – «15:15 форматында» серуендеуге болатын Қазақстанның алғашқы қаласы болмақ.
Аймақтар • 23 Шілде, 2019
Еңбек қатынастары: өзгергенді көз көрмей тұр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында шетелдіктер мен қазақстандық жұмысшылардың жалақысындағы теңсіздікті жою шараларын нақты жүргізіп, нәтижеге қол жеткізуді міндеттегені көңілімізді қуантты. Жасыратыны жоқ, еңбекақы теңсіздігі мәселесі өзекті күйде қалып тұр.
Руханият • 23 Шілде, 2019
Қазақ танымында аса құдіретті, өте қадірлі «тектілік» дейтін ұғым бар. Мысалы, атақты жырау Ақтамберді: «Елден елді аралап, Тектіден текті саралап Сынға толса сияғы, Әлбеті шамның шырағы, Мұхиттан сүзіп шығарған, Қымбатты гауһар бағасы...» деп тектіліктің қасиеті туралы толғаса, Сыпыра жырау: «Бай баласы байға ұқсар, Байлаулы тұрған тайға ұқсар. Би баласы биге ұқсар, Алты қанат үйге ұқсар, Хан баласы ханға ұқсар, Биік-биік шыңға ұқсар. Құл баласы құлға ұқсар, Мал таптаған гүлге ұқсар» деп тектіліктің не екенін түйіндепті.
Руханият • 23 Шілде, 2019
Қазіргі қазақ жырының көрнекті тұлғасы Серік Ақсұңқарұлының ақындық апологиясы хақында