Экономика • 23 Шілде, 2019
Патентпен жұмыс істеу тоқтатылады
Келер жылы елімізде бөлшек саудада патентпен жұмыс істеу тоқтатылады. Бұл туралы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында айтылды. Сарапшылар мұның арты жақсылыққа апармайды деп дабыл қағуда. Себебі сауда секторында Қазақстанда 100 мыңнан астам кәсіпкер еңбек етіп жүр.
Экономика • 23 Шілде, 2019
Мұнай тасымалдаудың сенімді әдісі
«Egemen Qazaqstan» газетінің 2019 жылғы 20 маусым күнгі №116 санында Қазақстан Республикасының 2019 жылғы әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлығына ғылым мен техника саласы бойынша ұсынылған жұмыстардың алдын ала таңдап алынған тізімі туралы жарнама жарық көрді. Ол ғылыми жұмыстардың толық тізімімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен аталған министрліктің Ғылым комитетінің сайтында танысуға болады. Олардың қатарында Е.Қ.Бейсембетов (жетекші), Т.Т.Бекібаев, У.К.Жапбасбаев, Б.К.Кенжалиев, Е.Махмотов және Б.К.Саяхов сынды ғалымдар ұжымының «ҚазТрансОйл» АҚ-ның мұнай құбырларының бағыттары бойынша мұнай қоспасы мен мұнай тасымалдау барысында энергия үнемдеуді ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» атты ғылыми жұмысы бар.
Саясат • 23 Шілде, 2019
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қызметі мен миссиясы
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен құрылған Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің келешегі туралы дөңгелек үстел өтті. Жиынға Ұлттық кеңес мүшелері мен сарапшылар қатысты.
Саясат • 23 Шілде, 2019
Сауалдамаға 3176 адам тартылады
Қазақстанның Азаматтық альянсы қараша айында қоғамдық кеңестердің қызметі туралы кешенді баяндама жасайды. Оған дейін сарапшылар қоғамдық кеңестер институтын дамытудың қазіргі жай-күйі жөнінде зерттеу жүргізеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.
Руханият • 23 Шілде, 2019
Қазақтану – бір тудың астына бірігу
Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану – ел бірлігінің негізі» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті.