Экономика • 20 Шілде, 2023
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осыған дейін Қазақстанда жұмыс істейтін екінші деңгейлі 9 банк жабылатынын айтқан еді. «Қазіргі таңда Қазақстан нарығында 21 екінші деңгейлі банк жұмыс істейді. Бұл ретте 9 банк таратылу сатысында тұр. 2022 жылдың басынан бері Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейлі банктің басшы қызметкері лауазымына 13 кандидатты бекітуден бас тартты. Бағалы қағаздар нарығында 49 субъект жұмыс істейді, ал 2022 жылдың басынан бері Агенттік басшы лауазымға 10 кандидатты бекітуден бас тартты», делінген хабарламада.
Қоғам • 20 Шілде, 2023
Шикізатқа сүйенген ел – қауқарсыз ел
Кез келген ұлттық валюта елдің өткенін, бүгіні мен болашағын бейнелейді. Экономикада ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығына жету, инфляциялық үдерістерді тежеу, елдің банк жүйесінің қызметін жақсарту, экономикалық өсімді қамтамасыз ету – әрдайым өзекті мәселе. Айналымға енгеніне биыл отыз жыл толатын төл теңгеміз аталған кезеңдер аралығында девальвацияның бірнеше толқынын және жылына 30-61% инфляцияны бастан өткерді. Теңгеміз осы жылдар аралығында нарықта қалай қызмет етті? Бұл туралы «Қазақстан ғалымдар одағы» қоғамдық бірлестігінің президенті, экономика ғылымдарының докторы, академик Оразалы Сәбденмен болған әңгіме барысында баяндалады.
Қаржы • 20 Шілде, 2023
Тербелген теңге, теңселген рубль...
Апта басында Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар/теңге валюта жұбының саудасы 1 доллар үшін 445,48 теңгеден басталды. Бір күн ішінде ұлттық валюта 1 доллар үшін 445,48 – 447,30 теңге аралығында саудаланды. Соңғы мәміле қазірдің өзінде бір доллар үшін 446,95 теңгемен жабылды. Нәтижесінде, Ұлттық банктің алдағы бірнеше күндегі ресми бағамы 446,48 теңгені құрады, бұл – өткен аптаның қорытындысымен салыстырғанда бірнеше теңгеге жоғары.
Қоғам • 20 Шілде, 2023
Бір қарағанда, іскерлік қарым-қатынаста жиі қолданылатын қолайлы тіркес сияқты көрінгенімен, «тұрақты даму» – түп-тамыры әлеуметтің, экономиканың және экологияның үйлесімді өркендеу идеясына негізделген маңызды тұжырымдама. Бұл ретте заманауи түсінік бүгінгі адамзаттың қажетін қанағаттандыратын экономикалық өсім келер ұрпақты игіліктен айырмайды дегенді білдіреді.
Технология • 20 Шілде, 2023
Өңірлік логистиканың даму барысы
Азиядан Еуропаға логистикалық бағыттар қайта құрылғаннан кейін еліміз Еуразия хабына айналу мүмкіндігіне ие болды. Жаңа логистикалық тізбектер құру бізден Беларуське, Польшаға, Германияға, Өзбекстанға жүк ағынының ұлғаюына ықпал етті.