Ауыл • 23 Шілде, 2024
Шалғайдағы ауыл шабындықтан тарығып отыр
Биыл Тобыл-Торғай өңірінің шабындығы шүйгін, жайылымы отты, шөбі шұрайлы. Күнұзақ мал азығын дайындаудың қамымен жүрген шаруақор жұрт мұны, бұйырса, алдағы қыстан қысылмай шығамыз деп жақсылыққа жорып отыр. Дегенмен көкорай шалғыны мол қопа-сайлардың суы әлі кете қоймағандықтан, қазір қырдың шөбіне ғана шалғы түсіп жатыр.
Ауыл • 23 Шілде, 2024
«Жаңа дала-Green day-2024» мамандырылған көрмесінде әлемнің 20 елінен келген 200-ден астам компания 600-ге жуық жаңа техника мен технологиясын жұрт назарына ұсынды. Шараға қатысқан Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров етті және сүтті асыл тұқымды малдарды, алаңға қойылған 600-ге жуық ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықты аралап көрді. Сондай-ақ түрлі дақыл пайдаланылған тәжірибелік егістің нәтижелерін салыстырды.
Білім • 23 Шілде, 2024
Үміт сыйлаған білім бағдарламасы
Шымкенттегі Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде мемлекеттік «Серпін» бағдарламасының 10 жылдығына арналған мазмұнды іс-шара өтті. Оған академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің ректоры, академик Нұрлан Дулатбеков қатысты.
Саясат • 23 Шілде, 2024
Металлургтер шаһарында «Qarmet» АҚ компаниясында ұзақ жыл еңбек сіңіріп, өңір өнеркәсібінің өркендеуіне үлесін қосқан біршама қызметкер мемлекеттік наградалармен марапатталып, мереке қарсаңында мерейі үстем болып жатыр.
Мәдениет • 23 Шілде, 2024
TURKTIME: Түркістандағы «Түркі дәуірі»
Түркі мемлекеттері ұйымының Астанадағы Х саммитінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ұйымға төрағалығы «Түркі дәуірі!», яғни «TURKTIME!» ұранымен өтетінін мәлімдеген еді. Мемлекет басшысы: «Түркі бірлігін дәріптеудің маңызы зор. Өйткені біздің тарихымыз, мәдениетіміз, тіліміз және діліміз ортақ», дегені де есімізде.