Қазақстан • 27 Шілде, 2020
1,7 млн-нан астам қазақстандық 42 500 теңге алды
27 шілде сағат 15.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылдың шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,2 млн-ға жуық бірегей өтініш қабылданды. Төлем 1,8 млн адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 769 мың қазақстандыққа аударылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 27 Шілде, 2020
Шығыс Қазақстанда дәрі-дәрмек бойынша жағдай тұрақталып келеді
Аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мен "Шығыс – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі және арнайы мониторингтік топ өкілдері өңірдегі дәрі-дәрмек бағасы бойынша мониторинг жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz
Үкімет • 27 Шілде, 2020
Алматыдағы емдеу орындары үш бағыт бойынша жұмыс істеуге көшті
Алматы қаласында жедел медициналық жәрдем мен емханалардың, стационарлардың жұмысынан бастап барлық бағыттар бойынша тәсілдер өзгертілді. Қаладағы стационарлар пациенттердің жағдайының ауырлығына қарай бөлінген. Бұл туралы PrimeМinister.kz-ке берген сұхбатында Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz
Медицина • 27 Шілде, 2020
Коронавирус жұқтырған ауыр халдегі науқасты емдеуге қанша қаражат жұмсалады?
Медициналық сақтандыру қоры коронавирус және пневмонияға шалдыққан жағдайы ауыр науқастарды емдеу тарифін 1,5 миллион теңгеге дейін көтерді. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 27 Шілде, 2020
Қазақстанда экология жылын жариялау ұсынылды
"Экологиялық білім: қазақстандық қоғамда экологиялық білім беру, экологиялық мәдениетті тәрбиелеу және қалыптастыру" тақырыбында өткен онлайн дөңгелек үстел отырысында қоғам қайраткері Арман Хайруллин 2021 жылды экология жылы етіп жариялауды ұсынды, - деп хабарлайды Egemen.kz