Банк • 30 Тамыз, 2024
Бизнестің банктерге сенімі артып келеді
2024 жылдың маусым айының соңындағы жағдай бойынша ел банктеріндегі бизнестің салымы 15,8 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен аймен салыстырғанда 4,5%-ға артық.
Үкімет • 30 Тамыз, 2024
Паралимпиада құрамасының мүшелерімен кездесті
Парламент Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының Президенті Мәулен Әшімбаев Францияға сапары барысында Ұлттық паралимпиада құрамасының мүшелерімен, жаттықтырушылармен кездесті. Сондай-ақ Палата спикері Азия паралимпиада комитетінің президенті Мажид Рашидпен және Халықаралық бочча спорт федерациясының президенті Джон Морганмен екіжақты кездесулер өткізді. Онда паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту келешегі талқыланды.
Қаржы • 30 Тамыз, 2024
Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімін жариялап, мөлшерлемені 14,25 пайыз деңгейінде қалдырды. Бас банктің хабарлауынша, ортамерзімді келешекте инфляция бойынша 5%-дық мақсатқа жету қатаң ақша-кредит шарттарын ұзақ уақыт ұстап тұруды талап етеді. Тәуекелдер теңгерімі проинфляциялық жаққа ауып, 2024 жылдың соңына дейін базалық мөлшерлемені бүгінгідей деңгейде сақтау ықтималдылығын арттыруға себепші болып тұр.
Ата заң • 30 Тамыз, 2024
1995 жылы қабылданған еліміздің Ата заңы «Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жариялады.
Технология • 30 Тамыз, 2024
Жасанды интеллектіні қолданудағы құқық мәселесі
Бүгінде еліміздегі барлық саланы қамтитын ауқымды құқықтық реформалардың шеңберінде үлкен деректерді және жасанды интеллект технологияларын дамыту және енгізу жүзеге асырылып жатыр. Осыған байланысты алдымызда ашық, тиімді әрі қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ете отырып, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу тұрғысынан әмбебап іргелі тәсілдемені қосу міндеті тұр.