Мұндай көрсеткіш заңды тұлғалар үшін банк өнімдерінің тартымды бола түскенін айғақтайды дейді «Ranking» сарапшылары. Базалық мөлшерлеменің біртіндеп төмендеп келе жатқаны қаржы институттарындағы бизнес салымдарының көбеюіне бөгет болмаған сияқты. Демек бизнестің банкке деген сенімін нығайтуда базалық мөлшерлеме ғана рөл ойнамайды, одан бөлек атап айтарлық бірқатар фактор бар. Олар – тұтастай алғанда банк секторының сенімділігі мен тұрақтылығының өсуі, кәсіпкерлердің сенімін арттыру және бизнес үшін цифрлық қызметтердің қуатты дамуы.
Еліміздің ірі банктері арасында заңды тұлғалардың салымы көлемінің ай сайынғы өсуі бойынша «Kaspi Bank» көшбасшы болды. Сома бір айда 31,7%-ға немесе 112,9 млрд теңгеге ұлғайды. Мұндай өсу жалпы сектор бойынша көрсеткіштен бірнеше есе көп. Ең ірі қаржы институты халық арасында ғана емес, сонымен қатар бизнес-қоғамдастық арасында да танымал екені таңғаларлық емес және бұл қызығушылық айтарлықтай артып келеді. Заңды тұлғалардың салымының өсуі бойынша екінші орында «Bank RBK» тұр. Кәсіпкерлердің бұл банктегі салымы 121,7 млрд теңгеге артты. Үздік үштікті 107,4 млрд теңгеге көбею көрсеткішімен «Еуразиялық Банк» жабады», деп мәлімдейді сарапшылар.
Көшбасшылар бестігінде «Bereke Bank» (+10,1%) пен «Jusan Вank» (+9,7%) бар. Ірі екінші деңгейлі банктер арасында бір айда бизнес салымдарының көлемі керісінше қысқарғандар да жоқ емес. Мәселен, «Шинхан Банк Қазақстандағы» бизнес салымдары бір айда 1,1%-ға азайса, «Ситибанк Қазақстанда» 6%-ға дейін құлдырап кеткен.
Айта кетейік, қазіргі уақытта банктерде заңды тұлғалардың қол жеткізген салымдарының көлемі рекордтық деңгейді көрсетіп отыр. Жылдық динамикада өсім 13,3%-ды құрады. Бір қызығы, бизнес салымдары әрқашан өсім көрсете бермейді. Мысалы, 2017 жылдан 2019 жылға дейін айтарлықтай 1 трлн теңгеден астам төмендеу байқалды. Алайда кейінірек көлемнің динамикалық өсуін байқауға болады, оның негізгі себептерін біз жоғарыда атап өттік.
Кейінгі бес жылда заңды тұлғалардың отандық банктердегі салымы жылына орта есеппен 15%-ға өсіп жатыр.