Өнер • 21 Тамыз, 2018
Қазақстан • 21 Тамыз, 2018
Өткен апта соңында Қостанай облыстық Алтынсарин атындағы мемориалдық музейі елорда төрінде көрме ұйымдастырды.
Өнер • 21 Тамыз, 2018
Бұқар жырындағы бүгінгі тұрпат
«Абайдың өзге ақындармен сөз жарыстыруынан» оқығаным бар-тын. «Ханым – сен, қарашың – мен, басыбайлы, Ханы жақсы болса, қарашысы жасымайды. Жаманға жақсы қолы ұжымақтай, Әлханжан, бері таста насыбайды» дегенін. Мұны еске түсірген – жазушы Мағауиннің бертіндегі бір жазбасы. «Қараша халық емес, дұрысы қарашы» деп еді. Кеше қарасам, Бұқар жырауда да жүр «қарашы» деп. Абайды түсінбеген қазақ Бұқарды оқып жарыта ма?!
Өнер • 21 Тамыз, 2018
Торғын Тасыбекова: Тұлғалар тәлімін көп көрдім
«...Бірде театрға қарай бағыт түзеп, өнер ошағының маңайындағы көшеде келе жатыр едік, әдемі көйлек киген қыпша бел ару жүргіншілер жолын асыға кесіп өтіп, аялдамаға қарай жүгірді. Қас пен көздің арасында бұлтты аспаннан жарқ етіп шыға келген жарық күндей маңайына шуақ шашқан сұлу бейне қос студенттің көңілін әп-сәтте нұрға бөлеп үлгерді. Қасымдағы серігім теңдессіз тартымды жаратылыстан көз алмай, сол тұрған қалпы орнында қатып қалыпты. Ал мен болсам: «Сірә, актриса деген осындай болса керек» деп іштей ой түйіп үлгердім...». Студент шағының естен кетпес әсерлі естелігін осыдан бірнеше жыл бұрын ұстазымыз, театр сыншысы Әшірбек Сығай дәріс үстінде нақышына келтіріп баяндап бергені бар еді. Әр әңгімесін әдемі әзіл мен керемет көркемдікке құрып, суреткерлік қиялмен қызықты жеткізер сыншы баянынан кейін-ақ бұл актрисамен жалқы сәт жүздесіп, пікірлесуге ынтыққанбыз. Болашақ театр төрешісінің көңілінде сол кезде-ақ ұмытылмас әсер қалдырған әсем ару – бүгінде «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағына ие болған актриса Торғын Тасыбекова, ал сұлулыққа сұқтана көз тіккен сырбаз бозбала – театр өнерінің тарлан таланты Әшірәлі Кенжеев болатын.
Қазақстан • 21 Тамыз, 2018
– Тоқсан жылдық той құтты болсын! – Той тойға ұлассын! Ел аузындағы сөз, ақжарма тілек осы.