Қазақстан • 21 Тамыз, 2018

Шариғат жайлы шығарма

1329 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өткен апта соңында Қостанай об­лыс­тық Алтынсарин атындағы мемо­риалдық музейі елорда төрінде көрме ұйымдастырды.

Шариғат жайлы шығарма

Аталмыш шара­ға ағар­­тушының өмір-тарихы және атқар­ған іс-әрекеттеріне қатыс­ты дерек­ті құ­жат­тар мен заттық бұйымдар әке­­лі­ніпті. Осылардың бірі Ыбырай А­л­тын­­­сарин атамыздың 1884 жылы Қазан қа­ла­­сында жарық көрген атақты «Шари­­­ға­тул – ислам» кітабының тұпнұсқасы.

Бұл жәдігерді музейге 2000 жылы ойда жоқта қостанайлық діндар, қала­дағы Марал ишан мешітінің молдасы Ертай Балахметов ақсақал әкеліп тап­сырған екен. Ерекеңнің айтуынша, бұл дүние әулеттің құнды мұрасы ретінде ұзақ жыл сандықта сақталып келген. 

Кеңес заманында Ыбырай атамыз­дың аты қаншама ұлықталса да бұл туындыны жарыққа шығаруға мұра иелері қорыққан. Өйткені ол тұста дін-исламға қатысты жаулық көзқарас күшті болғандықтан құнды кітаптан айырылып қалармыз деп қорыққан. Бұл туындыны қазақ тілінде шари­ғат ілімі жайлы жазылған алғашқы оқулық десе болады. Оған дейін қазақ даласында оқытылып келген ислам ілімінің қайнары татар, парсы, араб тіліндегі оқулықтар еді. 

Аталмыш кітаптың алғы сөзінде Ыбырай атамыз бұл еңбекті жазуға, біріншіден, қазақ жастарының діни ұғым-түсінігі басқа арнаға ауып кетпеуі, екіншіден, қазақтың жазба тілі болашақта татарланып кету қаупі туып тұрғандықтан қолына қалам алдым деп, ашық айтады. 

Кітап төрт бабтан (бөлім) тұрады. Әуелгісінде иман туралы болса, екінші бабта, намаз, ораза, зекет, қажылық жайлы толық түсініктемелер беріліп, оған қоса шариғаттағы фиһх іліміне қатыс­ты харам, макруһ жайлы сөз болады. Келесі бабтар адамға баласына қажет ақлық-әдептер, намаз дұға­лары­ның қазақша мағынасы, сонымен қатар ұлық мейрам Құрбан айттың пайда болу тарихы мен құрбандық шалу құлшылығын қалай орындау жайлы мағлұматтар топтастырылған. 

Бұл еңбек 1991 жылы Алтын­сарин­нің 150 жылдық мерейтойы қар­саңында қазіргі қазақ тіліне сай тәр­жімаланып, қолданыстағы кириллица әрпіне көшіріліп «Мұсылманшылық тұтқасы» деген атпен 100 мың данамен жарық көрді.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»