Аймақтар • 11 Тамыз, 2024

Теміртауда қыз бала терезеден құлап кетті

109 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теміртау қаласында 12 жастағы қыз терезеден құлап кетті. Қыз бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теміртауда қыз бала терезеден құлап кетті

Қазіргі уақытта дәрігерлер жасөспірім қыздың өмірі үшін күресіп жатыр. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланды.

Төтенше жағдайлар министрлігі көпқабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлауына байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ескерту жасады:

  • Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
  • Балалар бар пәтерлердің терезелерін арнайы қорғаныс құрылғыларымен жабдықтаңыз!
  • Бала оны өз бетінше аша алмауы үшін терезе тұтқаларын құлыптаңыз!
  • Ешқашан москит торларын қолданбаңыз-балалар оларға сүйеніп құлайды!
  • Баланың терезеге көтерілуіне жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыстатыңыз!