Оқиға •

Павлодарда жедел жәрдем көлігі 76 жастағы әйелді қағып кетті

1 мин
оқу үшін

Павлодар қаласында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 76 жастағы әйелді қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда жедел жәрдем көлігі 76 жастағы әйелді қағып кетті

Фото: istockphoto.com

Оқиға Академик Сәтбаев көшесінде болған. Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының мәліметінше, қызметкерлер бірінші санаттағы шұғыл шақыртуға бара жатқан. Көлік арнайы жарық шамдары мен дыбыстық дабылын қосып қозғалған.

Рудныйда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккен әйелге оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізді.

Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Оның екі балтырының сүйектері сынып, денесінің әр жері соғылған.

Солтүстік Қазақстан облысында мас жолаушы жедел жәрдем қызметкерін соққыға жықты

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесінде оқиғаға қатысушылардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының Райымбек даңғылында жедел жәрдем көлігі мен мопед соқтығысқан еді. Оқыс оқиға салдарынан бір адам көз жұмды.

 

Соңғы жаңалықтар