Оқиға •

Апофис астероиды Жерге жақындап келеді

1 мин
оқу үшін

Соңғы есептеулерге сәйкес, 2029 жылдың 13 сәуірінде Апофис астероидын планетамыздың 7,6 миллиардқа жуық тұрғыны көре алады. Бұл – Жер халқының шамамен 90 пайызы, деп хабарлайды Egemen.kz.

Апофис астероиды Жерге жақындап келеді

Фото: ESA-Science Office

Түнгі аспанда бұл астероид жарқыраған жарық нүкте сияқты көрінеді. Ол толған Ай дискісінің диаметрімен бірдей аспан аумағын шамамен бір минуттың ішінде кесіп өтпек.

Апофис – адамзатқа мәлім ең қауіпті астероидтардың бірі болып саналады. Диаметрі шамамен 375 метрді құрайды. Бұл 40 қабатты зәулім ғимараттың биіктігімен тең. 2029 жылғы жақындау кезінде астероид Жерден небәрі 32 мың шақырым қашықтықта өтеді.

Айта кетейік, Апофис Жерге тіпті геостационарлық спутниктерден де жақын келеді. Себебі ғарыш аппараттары шамамен 35,8 мың шақырым биіктіктегі орбитада орналасқан, ал астероид одан да төмен деңгейде өтпек.

Еске сала кетейік, бұған дейін жер бетінде G3.33 деңгейіндегі күшті магниттік дауыл басталғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар