Саясат • 23 Тамыз, 2022
Жаңа тұғырнаманың негізі – Президент реформаларын қолдау
Amanat төрағасы Ерлан Қошанов партияның жаңа саяси тұғырнамасын әзірлеу жөнінде кеңес өткізді. Іс-шараға Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері мен сарапшылар қатысты. Сондай-ақ бейне-конференц байланыс арқылы партияның аймақтық филиалдары қосылды.
Саясат • 23 Тамыз, 2022
Түйткілдің түп себебі заңның шикілігінде жатыр
Мәжіліс депутаттары Мәди Елюбаев пен Юлия Кучинская Ақмола облысының Аршалы ауданына қарасты «Жібек жолы» ауылындағы 300 орындық мектептің құрылыс барысымен танысты. Бұл жөнінде палатаның баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 23 Тамыз, 2022
Бала десе барлығынан бас тартатын бауырмал ата-ана үшін оның алаңсыз асыр салғанынан артық бақыт жоқ. Аман сау жүргені, ойнап күлгені жүздеріне күлкі, жүректеріне қуаныш сыйлайды. Тамыз айы туа сала ата-аналар қауымы абыр-сабыр болады. Жазғы демалыста жан-жаққа кеткен балалары оралып, оқуға дайындалып, мектеп құралдары мен киім-кешек алатын сабылысар сәт.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2022
Биыл Жетісу облысында 480 тоннадан астам жидек жинау жоспарланса, соның тең жартысы құлпынай мен бүлдірген болмақ. Ортақ іске Ескелді мен Көксу ауданының бағбандары елеулі үлес қосып келеді. Бірі жаздың ми қайнатар ыстығында тыңбай еңбек етсе, енді бірі қыстың қақаған аязында жылыжайын баптайды. Ауылдағы қожалықтар өңірді ғана емес, республика көлемінде тұтынушылардың сұранысын қамтамасыз етуге қауқарлы.
Қоғам • 22 Тамыз, 2022
Күре жолдың үстіндегі апаттардың салдарынан көз жұмғандар саны күннен-күнге көбейіп барады. Статистикалық деректерге көз жүгіртсеңіз, жаныңыз түршігеді. Мәселен, осы жылдың басынан бергі уақыт ішінде Қарағанды облысында жол-көлік апатынан 99 адам қаза тауып, 258 адам түрлі деңгейдегі жарақаттар алған екен. Олардың ішінде мүгедек болып қалғаны қаншама десеңізші?!