Саясат • 22 Тамыз, 2022
Стратегиялық әріптестік әлеуеті артып келеді
Президент Қ.Тоқаевтың Әзербайжанға сапары қарсаңында елордада Қазақстан-Әзербайжан сарапшылар кеңесінің бірінші отырысы өтті. Екі ел сарапшылары арадағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін, атап айтқанда, сауда және көлік коммуникацияларының тиімділігін арттыру, сондай-ақ сараптамалық-талдамалық ынтымақтастықтың рөлін кеңейтуді талқылады.
Қазақстан • 22 Тамыз, 2022
Көтерілген мәселелер шешімін қалай табуда?
Газеттің өткен санында (19 тамыз, 2022 жыл) «Президент тапсырды: нәтиже қандай?» айдары аясында «Шаруаның шағымы» деген мақаламыз жарияланды. Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы төңірегінде көтерілген мәселеге қатысты аймақта атқарылған жұмыстарға тағы да тоқталуды жөн санап отырмыз. Өйткені Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің жыл басынан бері өткізген кездесуінде талай өзекті сұрақ көтерілді. Ал мұндай аудандардың саны аймақта 1-2-мен шектелмейді.
Қоғам • 22 Тамыз, 2022
Ашық қалған арық, ашынған халық
Теміржолшылар мекені саналатын Сұрыптау кентіндегі көшеде арықтар ашық күйінде жатыр. Қандай арық дейсіз ғой? Су құбырын жүргізбекші болған. Алайда мердігерлер шаруаларын аяқсыз қалдырған. Жарайды, жобаны қаржыландыру немесе аяқтау мерзімі биылғы жылға ауысқан шығар. Десек те қазылған арықтарға не ескертпе белгі қоймай, не қоршамағаны мердігердің де, жергілікті биліктің де салғырттығын танытады.
Экономика • 22 Тамыз, 2022
Ертеден-ақ несібесін жерден терген жұрт үшін «Су – ырыстың көзі, еңбек – кірістің көзі» деген тәмсілдің орны бөлек. Бірақ соңғы жылдары арнасы төмен түскен дарияның жағдайы егіншілерді тығырыққа тіреп-ақ тұр. Биыл да көкейіндегі күдігін үміті жеңіп, жерге дән тастаған диқандар жаз бойғы еңбектің нәтижесін көретін сәтке жақын қалды.
Қоғам • 22 Тамыз, 2022
Айтыла-айтыла мемлекеттік тілдің мұңы да «жылауық» жырға айналды. Бірақ нәтиже жоқ. Халық әлі де шенеуніктер, депутаттар қазақша сөйлесе, қарап отырып қуанады. Ал өзге этнос өкілі қазақ тілінде бірауыз сөз айтса, тіпті риза болады. Кез келген мемлекеттің азаматы сол тілде сөйлесе, ол қалыпты жағдай емес пе? Оған неге таңғаламыз? Өз еліңде өз ұлтың өз тіліңде сөйлегеніне ішің жылу – қорашсынудың қай деңгейі?..