Жәдігер • 22 Тамыз, 2024
Кең байтақ жеріміздегі қорымдардың қойнауы көнеден қалған тарихи жәдігерлерден кенде емес. Бұған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың археологиялық экспедициясы Алматы облысының Кеген ауданы, Ұзынбұлақ ауылы маңында далалық зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде тағы да көз жеткіздік. Жоба Алматы облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен «Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық» КММ қолдауымен қолға алынған.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2024
Суқоймалары қаншалықты қауіпсіз?
2011 жылы Су ресурстары және ирригация министрлігінде «Қазақ су шаруашылығы» («Қазсушар») атты республикалық маңызы бар су шаруашылығы нысандарын күтіп ұстау, пайдалану және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысатын мемлекеттік кәсіпорын құрылды. Бұл Үкіметтің 2011 жылғы 28 ақпандағы №196 қаулысына сәйкес Су ресурстары комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қосу жолымен жасақталды. 2024 жылы оның құрамына «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ қосылды.
Қоғам • 22 Тамыз, 2024
Мәжіліс депутаты Маңғыстау атом энергетикалық комбинатына барды
Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Еділ Жаңбыршин «МАЭК» ЖШС-нің ұжымымен кездесіп, кәсіпорынды жаңғырту барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2024
Алматы облысының Іле ауданындағы 9 жекеменшік балабақшаның құрылтайшылары қамауға алынды. Бір айдың ішінде 29 жекеменшік балабақша жабылып, мемлекетке 729,0 млн шығын келтіргені үшін тағы бірнеше құрылтайшының үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр. Бұл жөнінде Қонаев қаласында өткен тамыз кеңесінде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді.
Мәселе • 22 Тамыз, 2024
Алғашында интернет-алаяқтықтың санаулы ғана түрі бар еді, бүгінде санынан, тіпті түрінен жаңылатын болдық. Олардың әккілігі соншалық, құзырлы органдар мейлінше жолын кесіп, «құрыққа» түсіріп жатса да, аяғын тартып, айылын жияр емес. Әзірге қаржы қаскөйлері қолданатын алаяқтық схемалардың ішінде жалған хабарлама таратып, құқық қорғау, ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкері болып хабарласу әдісі сан тәсілдің алды болып тұр.