Аймақтар • 22 Тамыз, 2024

Суқоймалары қаншалықты қауіпсіз?

134 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

2011 жылы Су ресурстары және ирригация министрлігінде «Қазақ су шаруашылығы» («Қазсушар») атты республикалық маңызы бар су шаруашылығы нысандарын күтіп ұстау, пайдалану және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысатын мемлекеттік кәсіпорын құрылды. Бұл Үкіметтің 2011 жылғы 28 ақпандағы №196 қаулысына сәйкес Су ресурстары комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республика­лық мемлекеттік кәсіпорындары мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қосу жолымен жасақталды. 2024 жылы оның құрамына «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ қосылды.

Суқоймалары қаншалықты қауіпсіз?

Кәсіпорын қызме­тінің негізгі мақ­саты – өзі­нің қа­­ра­мағындағы гидро­тех­ни­­­калық құрылыстар мен ке­шенді суқоймаларын, ма­гистралдық су құбырлары мен өзге де су шаруашы­лы­ғы нысандарын ұстау, пай­далану және қалпына кел­тіру. Мұның барлық облыс орталығында және рес­публикалық бағыныста­ғы қалаларда филиалдары бар.

Кейінгі жылдарда «Қаз­сушардың» экономикалық ахуалы қиындығы туралы бірнеше рет жазылды. Со­ның ішінде былтыр­ қазан айында біздің басылымда жарияланған мақалада кә­сіпорынның халықара­лық қаржы ұйымдары ал­дын­дағы қарызы 100 млрд тең­геден асқаны жазылған еді. Мақалада «Қазсушар­­дың» Ақтөбе, Жамбыл, Түркіс­­тан, Алматы облыстарын­дағы филиал­дары суармалы жер­лер­дің инфрақұрылы­­мын қал­пына келтіру жобала­­ры­на Еуропа қайта құру ­және даму банкінен (ЕҚДБ) ­60,9 млрд теңге және Ислам ­даму банкінен (ИДБ) 53,2 млрд тең­ге қарыз алып, оның 40%-ы ­ғана пайдаланылғаны айтыл­ған. Қалғаны агрегация­лық желілерді қалпына кел­тіру үшін жобалық-смета­лық құжаттама жиынтығы­ның (ЖСҚ) дұрыс алынбауына бай­ланысты игерілмей қалған екен.

Осы орайда «Қазсушар­дың» Солтүстік Қазақстан об­лысындағы филиалының ахуалын білмек болып, оның ди­ректоры Шұғайып Иба­туллинге жолыққан едік.

«Біздің негізгі қызметі­міз – суқоймалары бар Сер­­геев, Петропавл және Ғ.Мүсірепов ауданындағы Шарық су тораптарын пай­далану және гидротехника­лық құрылғылармен Есіл өзе­ні ағысын реттеп, Солтүс­тік Қазақстан және ішінара Қостанай мен Ақмола облыс­тарына су баруын қам­тамасыз ету. Сонымен қатар Ресейдің Түмен облысын ке­пілдендірілген ағыспен қамтамасыз етеміз», деді ол.

Сондай-ақ филиал­ Сол­түстік Қазақстан суқой­­ма­­­ла­­ры мен өзен суы ағы­­сын рет­­­теу арқылы ша­руа­­шылық­тар­ды, тұр­­ғындарды ауызсумен қам­туға, өнеркәсіп­ті сумен жаб­дықтауға және суарма­лы жерлерге су беру­ге, ба­лық шаруашылығы қа­жетті­ліктерін қамтама­сыз етуге жауапты. Бұған қоса экологиялық және сани­тарлық су жіберуді жүзеге асы­рады. Филиал­дың «Есіл су», «Қызылжар су» «Сев­КазЭнерго» (ПЖЭО-2), т.б. аса ірі су пайдала­нушы­ла­ры бар. Оларға топ­тық құбыр­лар арқылы су жет­кізіледі.

Есілдің биылғы ерекше тасқынынан бүкіл ел хабардар. 693 млн текше метр су сақтай алатын қоймасы бар Сергеев суқоймасынан асқан тасқын судың биіктігі күн­­нен-күнге көтеріліп, ақыры ­4 метр 25 см рекордтық көрсет­кіш­ке жет­ті. Осы кезде ағыспен келген алып сеңдер бөгетті қира­тып, су жайылып, алдымен Сер­­геев қаласын, сосын алыс-жа­қын ауылдарды басып қалмас ­па екен деген қауіп төнді. Әй­те­уір 1969 жылы Мәскеудің Я.Жук атындағы жобалау-зерт­­теу институтының жобасы­мен салынған нысан сыр берген жоқ. Ал Сергеевтен 173 ша­қырым қашықтықта, төмен орналасқан, сыйымдылы­ғы 24,5 млн текше метр Пет­ро­павл суқоймасы 1973 жылы салынған. Мұнда өзен ағынын реттеу 3 қақпа және төменгі су ағызу арқылы жүзеге асырылады. Су деңгейінің мұн­дағы ең биік нүктесі 16 сәуірде ­97,9 метрге жетті.

Осылардың үстінен гү­рілдеп, сарқырап жатқан ағыс­ты қарап тұруға да әркім­нің жүрегі дауаламайтын. Ал Шұғайып Нәсіполла­ұлы­ның су тасқыны уақытын­да үнемі екі суқоймасының басында жүргенін көрдік. Ол тасқын су әлі қайтпаған тұста Петропавлға іссапар­мен келген Президентке де суқоймаларының техни­ка­лық ахуалы туралы баянда­­ған жалғыз маман болды.

«Сергеев суқоймасы нау­рыздың 29-ынан бастап тез тола бастады. Қай межеге жетіп тоқтар екен деп күнде алаңдаумен болдық. Ең биік шыңы 9 сәуірде тіркелді. Осы кезеңде суқоймасындағы су деңгейі 142,5 метрге кө­теріліп, бөгеттен асқан биік­тік 4,25 метрге жетіп, екі күн бойы қайтпай тұрып ал­ды. Қоймадағы судың кө­лемі 1261,8 млн текше метр­ге жетіп, жобалық көлем­нен 182% асты. Тасқын су­дың мұндай көлемі мен көр­сеткіштері оның салыну сәті­нен бастап тіркелген емес. Ал Петропавл суқойма­сын­­да шағын көлемді болған­дық­тан, су тасқынының еркін өтуі үшін кедергілері алынып тасталады. Су торабын пайдалану қағидаларына сәйкес секундына 600 текше метрден аса су айдаған ағыс кезін­де барлық қақпасы көтеріліп, ағын транзиттік режімде өте­ді. Биылғы тасқында осы су­қоймасының жобалық көле­мі­нен 360 есе артық су өтті», дейді Ш.Ибатуллин.

Тасқыннан кейін гидро­техникалық құрылыстарға комиссиялық тексеру жүр­гізілді. Нәтижесінде, «Қаз­сушар» РМК Солтүстік Қазақ­стан филиалының Сергеев және Петропавл су тораптары қанағаттанарлық жағдайда екені анықталды. Бұлардың қауіпсіз жұмыс істеуі үшін барлық қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр, су тораптары келесі су тасқынын өткі­зуге дайын.

«Қазір Сергеев пен Пет­ропавл су тораптары қана­ғаттанарлық жағдайда, штат­тық режімде жұмыс іс­тейді. Ал Шарық өзеніндегі су торабымыз «апаттық» жағ­дайда. 2016 жылдан бастап бұл торап транзиттік режімде ғана жұмыс істейді», деді филиал директоры.

 

Солтүстік Қазақстан облысы