Пікір • 22 Тамыз, 2024
Ауыл мектебіндегі оқу сапасы ойлантады
Қазіргі таңда ауыл мен қала мектептері арасындағы білім берудің алшақтығы өзекті мәселенің бірі екені анық. Бүгінгі Тамыз конференциясында ауыл мектебіндегі білім сапасын арттыру мәселесі де көтеріліп, осы саладағы тың идеялар талқыланды. Сондықтан мұндай жиынның ауыл мектебіндегі білім сапасын көтеруге септігі тиеді деп ойлаймын. Сондай-ақ ауыл мектебінде цифрлық ресурстар мен білім платформалары да қолжетімді емес. Оған қоса ауылдағы интернет жылдамдығының төмендігі, пән мұғалімдерінің жетіспейтіні, жаратылыстану пәндері бойынша зертханалық кабинеттердің аздығы немесе мүлдем жоқтығы оқушылардың сапалы білім алуына кедергі келтіреді.
Өнер • 22 Тамыз, 2024
Музыкатанушы емеспіз. Тарихынан да аз-кем хабарымыз болмаса, толық біле бермейміз. Біз тек тыңдарманбыз. Сұлу қыздың қабағын керім қылып кергеніндей, езу тартқанындай әсерге қалдыратын әндерге ғашықпыз. Ал ондай әндерді нақышына келтіріп орындайтындардың алдында бас иеміз. Ән жүректің тербелісінен туады. Өзге жүректерді осы тербеліс жиілігіне салады. Сондай тербеліс тудыра алатын Сержан Мұсайын мен Дәуренбек Әркен – күллі қазақ даласының баға жетпес қазынасы.
Қоғам • 22 Тамыз, 2024
Биыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жол сапасын сынға алып, мұндағы қордаланған проблемаларға саланы жайлаған сыбайлас жемқорлық себеп болып отырғанын айтқан еді. Осыған орай Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздің барлық өңірінде жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарының сапасы толық бақылауға алынды.
Өндіріс • 22 Тамыз, 2024
Қызылордада «Orda Glass LTD» ЖШС-ның шыны зауыты тұрақты жұмыс істеп келеді. Осыдан екі жыл бұрын іске қосылған зауыт аз уақыт ішінде қуатты кәсіпорынға айналды. Серіктестік биылғы маусым айынан бастап энергия үнемдейтін шыны шығара бастады. Осылайша, қызылордалық зауыт мұндай өндірісті қолға алған Орталық Азиядағы алғашқы және жалғыз кәсіпорын болып отыр. Бұл әйнектер күн сәулесінен жылу алып, оны бойында сақтайды.
Білім • 22 Тамыз, 2024
Заманауи білім берудегі тың шешімдер
Елордада педагогтердің республикалық Тамыз кеңесі өтті. Саммит форматындағы жиын оқу үдерісін цифрландыруға және әлемдік тәжірибені ескере отырып, білім беру барысына жасанды интеллектіні енгізу ерекшеліктеріне арналды. Дәстүрлі жиынға Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Ғылым және жоғары білім министрі Cаясат Нұрбек, Парламент депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың, халықаралық ұйымдар (ЮНЕСКО) мен білім саласының өкілдері қатысты.