Экономика • 24 Тамыз, 2021
Ел билігі индустрияландыру бағдарламасын дер кезінде қабылдамағанда, Қазақстан экономикасының соңғы он жылда орын алған дағдарыстар мен дүрбелеңдерге төтеп беруі неғайбыл еді. Өңдеу өнеркәсібіне ден қойып, индустриялық саясатты дұрыс қалыптастыра білгеннің нәтижесінде әлемдік экономика айдынындағы кемеміз шайқалмай, еркін жүзіп келеді.
Қоғам • 24 Тамыз, 2021
Отбасылық агрессор ойлансын десек...
Соңғы төрт жылда «Жан-Сая» дағдарыс орталығына көмек пен қолдауға мұқтаж 1500-ден астам әйел араша сұрап келген. Бүгінде қоғамда отбасылардың шырқын бұзған агрессорлардың әрекетіне тоқтау болмай тұр.
Әдебиет • 24 Тамыз, 2021
Кейде таңғы кофеңді ішіп отырып ойланасың: әлем әдебиеті мен қазақ әдебиетінің арасы қанша айшылық жол екен? Жер мен Күннің арақашықтығындай ма, әлде одан сәл жақын ба? Жалпы, бірінің біріне қатысы бар ма өзі? Қатысы болса, мерейтойлық аудармамен ғана шектеле ме? Ал қатысы жоқ десеңіз, әлем әдебиетін неге құбылаға теңейміз? Жұмыс күнінің басында осындай беймаза сұрақтар ойға қайдан келеді екен...
Руханият • 24 Тамыз, 2021
«Абай сияқты ән шығара алатын ақын…»
Екеуін жақындастыратын не бар дерсіз. Өнер екені екібастан белгілі. Біреуі – сөз өнеріндегі, енді бірі – саз өнеріндегі құбылыстар. Бірге туып, бірге өспесе де, бір-бірін көрмесе де араларын аңыз жалғайтын сыңайлы. Артынан аңыз ермеген ақын – ақын емес деген де сөз бар. Тура сол сияқты, екеуінің соңынан ерген аңыздың өзі әр қиырға сермейді.
Қазақстан • 24 Тамыз, 2021
«Отбасымды атажұртқа әкелу – арманым»
Ауғанстандағы шиеленіскен жағдайға Арқа төсінде білім алып жүрген ауған жастары қатты алаңдап отыр. Олар бәрінен де елдерінде қалған ата-аналары мен ағайын-туыстарының амандығын уайымдайды.