Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
«Nur Оtan» партиясы «Еңбек» бағдарламасымен өңірді аралауды бастады
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Елбасының бастамасымен 2015 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан «Еңбек» бағдарламасы бойынша халық арасында ақпараттандыру жұмыстарын бастады. Мақсат - халықты тығыз қоныстанған оңтүстіктен солтүстікке көшіру жұмыстарын кеңінен насихаттау.
Әлем • 20 Тамыз, 2019
Испанияның Гран-Канария аралында орман өртеніп жатыр
Гран-Канария аралындағы орман өрті бақылаудан шығып, 9 000 адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл туралы euronews.com хабарлады.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
Солтүстік Қазақстанда «Qymyzfest» фестивалі өтті
Айтулы шарада 1000 литрден астам қымыз саудаға шығарылып, ұлттық дәстүр мерекесіне келген қонақтарға 200 келі қазақша ет әзірленді.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
Моңғолиядан Павлодарға 13 отбасы көшіп келді
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төрағасы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шет елде жүрген қандастар тағдырынан бір сәтте қол үзбей, тікелей араласуының негізінде бауырларымыздың туған жеріне қоныс аудару легі жалғасуда. Осыған байланысты Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және «Отандастар қоры» КЕАҚ-ның қанатқақты жобасы аясында Моңғолияның Қобда, Баян-Өлгей аймақтарынан Қазақстандағы туыстарына қосылып, ұрпақтарын атамекенге жеткізу мақсатында Павлодар облысына көп балалы 13 отбасының 80 адамы көшірілді. Көшіп келген әр отбасы тұрмысқа қажетті қолданыстағы дүние мүлік, 800 кг жеке үй жүгімен атамекенге біржолата қоныстануға келді. Бұл туралы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 20 Тамыз, 2019
«Ботай» музей-қорығының құрылғанына бір жыл толды
«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының құрылғанына бір жыл толуына орай «Ботай – солтүстік даланың қазынасы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.