Саясат • 21 Тамыз, 2022
Ақпараттық шабуыл, гибридтік соғыс деп аталатын мылтықсыз майданда манипуляция жасау, жұртшылықты шатастыру, шындықты бүркемелеу, жала жабу, сенімсіздік ұялату үшін көптеген fake, яки жалған ақпарат таратады. Біз бұны қаңтар оқиғасында көрдік.
Әлем • 21 Тамыз, 2022
Финляндия премьер-министрі Санна Мариннің басы дауға қалды. Бұл жолы үкімет басшысының көңілді кеште билеген оқиғасын фин қоғамы қызу талқылап жатыр. Көпшілік оны есірткі қолданған деп айыптаған болатын. Мұны жоққа шығару үшін Санна ханымның тест тапсыруына тура келді.
Білім • 21 Тамыз, 2022
Балалар көрші ауылдың мектебінде оқуы мүмкін
Күрделі жөндеудің мәселесі күрделене түсті. 140 оқушысы бар Қарақат ауылындағы мектептің 5-11 сынып аралығындағы 85 оқушысы жаңа оқу жылын көрші Абай ауылында бастаса, 1-4 сыныптағы қалған балалар елді мекендегі мәдениет үйінде уақытша оқымақ. Себебі ауыл мектебіндегі күрделі жұмыс әлі бітпеген. Ғимараттың төбесі ашылып, іші шашылып жатыр.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2022
Битум деген материал болмаса, тақтайдай тегіс, сапалы асфальт жолды көз алдыңа елестетудің өзі қиын. Өкінішке қарай, соңғы кездері жол құрылысына аса қажет осы материалдың төңірегіндегі әңгіме көбейіп, мәселесі күннен-күнге зорайып барады.
Коронавирус • 21 Тамыз, 2022
Эпидемиялық ахуал жақсарып келеді
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші айтарлықтай төмендеп, кейінгі тәулікте 740 адамнан індет анықталды. Қазір барлық өңіріміз «жасыл аймақта» тұр. Дегенмен жағдай оңалды екен деп арқаны кеңге салмай, сақтық шараларын ұстануды ұмытпаған жөн. Өйткені арамыздан әлі іргесін ажыратпаған індеттің қайта күшейіп кетуі қаупі бар екеніне әбден көз жетті.