Қоғам • 17 Тамыз, 2023
Электр энергиясы қалпына келтіріледі
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатындағы (МАЭК) апат жағдайы маңғыстаулықтар үшін аса маңызды мәселеге айналды. Жаздыгүні суға жарымаған тұрғындарға енді жарықты тұтынуға уақытша шектеу енгізілуі «жығылғанға жұдырық» немесе «көтере алмаған қосып арқалайдының» кері болып тұр.
Ауа райы • 17 Тамыз, 2023
Бүгін елдің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Мамандардың болжамына сәйкес бейсенбі, 17 тамыз күні Атырау, Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 17 Тамыз, 2023
Аласа бойлы, ақсары жүзді балақай бастауыш сыныпта оқып жүрген кезінен-ақ ерекшелігімен көзге түсті. Мектепте жақсы оқумен қатар қазақша күреске қатысып, талай жарыстардың жүлдегері атанды. Спорт пен оқуды сабақтастырып, таразы басын тең ұстаған Әділет ортасынан оқ бойы озық тұратын. Талабы таудай өреннің сол шақта-ақ цирк колледжіне барғысы келетінін анасы жиі айтатын.
Экономика • 17 Тамыз, 2023
Логистикалық дамудың төте жолы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі халықаралық дәліздер мен логистикалық қызметтің дамуын өз назарында ұстап отыр. Өйткені логистикалық дамудың шыңырау шегіне жетпей, өндірген өніміңді дер кезінде, діттеген жеріңе жеткізіп беруің екіталай. Ондай жағдайда табыстың басты тұтқасын қолдан шығарып алуымыз кәдік. Қазіргі күнде Үкімет осы бағытта тынымсыз ізденіс үстінде.
Экономика • 17 Тамыз, 2023
Шикізатқа тәуелді экономика: Тығырықтан шығар жол қайсы?
Дүниежүзілік банк зерттеуі бойынша биыл ел экономикасы бірқалыпты қарқынмен өседі және ішкі жалпы өнім 3,5 пайызға көтеріледі. Ал 2024 жылы 4 пайызға өсуі мүмкін. Өсімнің басты тірегі – көмірсутегі секторы (мұнай өндірісінің артуы есебінен) болмақ. 2023 жылға арналған болжам геосаяси шиеленіске дейінгі болжамдардан төмендетілді. Оған себеп – негізгі сауда серіктестерінің экономикасында өсудің баяулауы және ішкі инфляция.