Медицина • 21 Тамыз, 2022
Тахикардия дертіне шалдыққан балалардың қатары жыл өткен сайын артпаса, азаяр емес. Баласының жүрек қағысы қалыптан тыс жоғарылаған кезде ата-ана байыз таппай кетеді. Жақында Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасына Шу қаласынан санавиация желісі бойынша 13 күндік сәби жеткізілді. Әбігерге түскен дәрігерлер тиісті шараларды дер кезінде қабылдап, періштенің өмірін сақтап қалды.
Қазақстан • 21 Тамыз, 2022
Сапта – дес бермейтін десантшылар
Әңгімеміз – әскерден алған әсер. Кабинетте отырғаннан гөрі әскери техниканың кабинасында отырып сия төккен тәуір деп шештік. Сөйтіп, елорданың шетінде орналасқан Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің құрамындағы 68665 десанттық-шабуылдаушы әскери бөлімін бетке алдық. Сарбаздардың бір күндік өмірімен танысып, бір жылдық ғұмырының мәнісіне үңілдік.
Әдебиет • 21 Тамыз, 2022
Құбылмалы әлем: Қағаз кітаптың тағдыры
Әлем көз алдымызда сәт сайын өзгеріп жатыр. Бүгінгі жаңалық ертең ескіруі мүмкін. Тіпті минуттар арасындағы үнсіздіктер ұлы дүбірге айналып, өз жұлдызын жағып жатыр. Кейде адамның қоғам алдындағы жауапкершілігі қандай, бұл үшін қай кезде есеп беруі керек деген сансыз сұрақтарға шырмаласың да қаласың. Кейбірі жауабын өзі береді, ал кейбірі мәңгі жауапсыз. Ал ұлттың, қоғамның ашық ойлы зиялысы, сөз ұстарлары саналатын қаламгерлердің міндеті қандай? Оған олардың қаламынан туған кітаптар жауап бере ала ма? Осындайда көрнекті жазушы Әбіш Кекілбайұлының «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деген пәлсафасы еске түседі. Шынымен де адамзаттың қазіргі жетістіктеріне жетуіне, саналы қоғам құруына кітаптың атқарған рөлі айрықша. Осы дөңгелек үстелде «Қазіргі және болашақтағы қағаз кітаптардың тағдыры қандай?» деген сұраққа жауап іздедік. Сұхбатқа Кнут Одегард (ақын, Норвегия), Қуаныш Жиенбай (жазушы, Қазақстан), Танер Мурат (аудармашы, әдебиеттанушы, Румыния), Аида Эгембердиева (ақын, Қырғызстан) қатысып, пайымды пікірлерімен бөлісті.
Әдебиет • 21 Тамыз, 2022
Биыл қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, аудармашы Ғали Ормановтың туғанына 115 жыл толмақ. Былтыр 80 жылдан кейін қаламгердің латын қарпімен жазылған күнделігі табылған еді. Жақында аталған еңбек кирилл қарпімен қайта басылып шықты. Бұған дейін еш жерде жарық көрмеген құнды мұрада жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы көптеген мәлімет жазылған.
Әдебиет • 21 Тамыз, 2022
«Мені әдебиет аспанына көтерген космодром»
Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің (1991 жылға дейін «Қызыл ту») ғасырға жуық тарихына көз жүгіртсек, әр жылдары басылымның абыройын асқақтатқан, ұжымнан қабырғалы қаламгерлерді түлетіп өсірген бірқатар басшы болған. Солардың бірі ретінде өткен ғасырдың 50-жылдарының ортасында облыстық газетке редакторлық еткен Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовты бөле-жара атауға болады.