Қазақстан • 24 Тамыз, 2020
Қазақстан 7 елмен әуе қатынасын жандандырды
Қытайдың Синьхуа агенттігі Қазақстанның 7 елмен әуе байланысын қайта қалпына келтіргенін хабарлады. Олардың қатарында Біріккен Араб Әмірліктері, Беларусь, Германия секілді елдер бар.
Әлем • 24 Тамыз, 2020
АҚШ-тағы президенттік сайлауға демократиялық партия атынан Джо Байден қатысады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Әлем • 24 Тамыз, 2020
Малидің мазасы қашып тұр. Таяуда елде көтеріліс бұрқ ете түсіп, президент Ибраһим Кейта президенттік лауазымынан бас тартты. Бұл көтерілісшілерді қуантса да, халықаралық қоғамдастық Малидегі жағдайға алаңдаушылық білдіруде.
Әлем • 24 Тамыз, 2020
Кеселі асқынған дүниенің кейпі
Финляндия үкіметі COVID-19 ауруы толастамай тұрған 10 елмен барыс-келісті қайтадан шектеді. Елдің Ішкі істер министрлігі 24 тамыздан бастап Норвегия, Дания, Исландия, Германия, Грекия, Мальта, Ирландия, Сан-Марино, Жапония және Кипрмен арада барыс-келістің шектелетінін мәлімдеген. Сонымен бірге Солтүстік Македония мен Турку қаласын жалғаған әуе байланысы да тоқтатылуы мүмкін. Себебі суоми жұртына осы елдерден келген 40 адамнан вирус анықталған.
Оқиға • 24 Тамыз, 2020
Госпитальге COVID-19 індетімен түскен соңғы науқас емделіп шықты
Алматы қаласындағы Әскери госпитальге коронавирус инфекциясымен түскен соңғы науқас емделіп шықты. Ол – 59 жастағы Галина Жукова.