Руханият • 21 Тамыз, 2022
Сүйінші, қазақ оқырманы! Дәстүрлі деңгейінен де дәрежеленіп, ежелден қалыптасқан бітім-болмысынан өзгеше құйыла құбылып, қымбат та ғажап мінезімен дүниеге келіпті-ау қазақ романы! Көкейімізге «чеховша» мәрт мәтіндерімен, қысқа да талғамды тілімен тоқылғаны! Алғашында қолымыз батпай ұстаған қалың кітаптың мұншама тез оқылғаны! Мұны жай бір әсерлі, сиқырлы, тербелмелі сөз теңеуі деп түсінбеңіз. Жаңа проза, тосын үлгі, соны қадам, серке стильді, сергек байлам – бәрі-бәрінің тояттандырған күшіндеміз!
Руханият • 21 Тамыз, 2022
Қазығұртта үйлесім тапқан елдік идеясы
Шымкенттен – Ташкент шаһарына бет алған күре жолдың оң жақ бетіндегі Қазығұрт тауының етегіне созыла орналасқан жотада «Мәңгілік Ел» аталатын саябақта «Алаш арыстары», «Анаға тағзым» және Қажымұқан Мұңайтпасұлына арналған ескерткіштер кешенінің ашылу салтанаты өтті.
Спорт • 21 Тамыз, 2022
Қазақстан үздік бестіктің қатарында
Түркияның Конья қаласында V Ислам ынтымақтастығы ойындары аяқталды. 10 күнге созылған байрақты бәсекелерге 55 мемлекеттен келген 4 мыңнан аса спортшы қатысты. Олар 24 спорт түрі бойынша 355 жүлдені сарапқа салды. Солардың қатарында Қазақстан құрамасы да бар. Жалпы саны 89 (27 алтын+23 күміс+39 қола) жүлдеге қол жеткізген жерлестеріміз Исламиаданың командалық есебінде бесінші орынға табан тіреді.
Футбол • 21 Тамыз, 2022
«Super bol»-дан суырылып шықты дара
Футболшы боламын деген арманын тәрк етіп, амалсыздан өзге салада еңбектеніп жүргендер жетерлік. Елімізде қолға алынған «Super Bol» бірегей жобасы шеңберінде тасада қалған таланттардың тынысы ашылуына жағдай жасалды. Осы уақытқа дейін жер-жерде іріктеу кезеңдері ұйымдастырылып, 16 мен 25 жас аралығындағы 6 мың үміткердің ішінен 25 үздік суырылып алға шыққан еді. Жуырда жоба өз мәресіне жетіп, кіл мықтылар кәсіби түрде мансабын жалғастыруға мүмкіндік алды.
Спорт • 21 Тамыз, 2022
Болгарияның бас шаһары – Софияда еркін және әйелдер күресінен жастар арасындағы (U-20) әлем чемпионаты аяқталды. Бұл жарысты жігіттеріміз бір ғана жүлдемен қорытындылағанын біз бұған дейін баяндаған едік. 57 кило салмақ дәрежесінде сынға түскен Мерей Базарбаев күміс медальді мойнына ілді. Ол грекиялық Андреас Паротсидис, үндістандық Абхишек Дхаканы және украиналық Георгий Казанжиді қапы қалдырғанымен, финалда америкалық Иоре Расселл Волктан бір ғана ұпай айырмашылығымен ұтылды.