Спорт • 13 Тамыз, 2015
Еуропаның ең үздік футболшысы атағына үміткерлер анықталды
Еуропа футбол ассоциациясы одағы (УЕФА) нұсқасы бойынша 2014-2015 жылғы маусымындағы Еуропаның ең үздік футболшысы атағына үміткер үздік үштікке Мадридтің «Реал» камандасының шабуылшысы португалиялық Криштиану Роналду және каталондық «Барселонаның» қос шабуылшысы аргентиналық Лионель Месси мен уругвайлық Луис Суарес енді.