Білім • 16 Тамыз, 2023
Астана қаласының әкімдігі 2023-2024 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 1 084 білім грантын бөлді.
Өндіріс • 16 Тамыз, 2023
Қызылордадағы жеті ауданның ішінде көршілес Түркістан облысымен шектесіп жатқан Жаңақорғанның жөні бөлек. Облыстағы төрт түліктің жартысына жуығы – осы аймақта. Жаңақорғанмен іргелес Шиелі ауданы климаты өзгеше болғандықтан, егін де басқа өңірлермен салыстырғанда ерте егіледі. Қаратау етегіндегі бұл аймақтың жері бау-бақшаға аса қолайлы. Осыдан да бұл ауданда ризығын қара жерден айырып, агросалада жаңалық жасап жатқандар көп.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2023
Нарықта жүзе алмаған «Дельфин» қазына қаржысына қосымша салмақ түсіре ме?
«Дельфин» деп отырғанымыз Жезқазған қаласындағы кезіндегі бірден-бір жүзу бассейні еді. Неге «еді» дейміз? Өйткені бассейннің жұмыс істемей тұрғанына биыл бесінші жылға айналды. Қалай дегенмен бұл мәселенің түйіні, тарқамаған түйткілі көп.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2023
Атырау облысындағы ежелгі Сарайшық тарихи қалашығының ашылмаған сыры көп. Өйткені Алтын Орда дәуірінен басталатын қалашықтың тарихы әлі толық зерттелген жоқ. Бұл жерден жыл сайын ел шежіресіне қосылатын құнды жәдігерлер табылып отыр.
Жәдігер • 16 Тамыз, 2023
Қазақта ел басқару ісінде де, адамдық биік парасатымен де өз заманының қайраткер тұлғасы ретінде есімі ел ішінде аңыз болып айтылып, бүгінге жеткен Тана Тілемісұлының туғанына биыл 220 жыл толып отыр. Құнанбай Өскенбайұлының замандасы һәм құдасы болып сыйласқандығын тарихи деректер растайды. Яғни Құнанбайдың бір баласы Ысқақ Тана бидің немере қызы Тектіге үйленіп, одан Кәкітай дүниеге келген.