Шаруашылық • 21 Тамыз, 2024
Жасыл жапыраққа сұраныс жоғары
Деннің саулығы мен ұзақ өмір сүруді ойлаған азаматтар бүгінде дұрыс тамақтану тәсіліне көшкен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, әр адам тәулігіне 500 грамм мөлшерінде көкөніс пен жеміс-жидек түрін пайдалануға тиіс екен. Осы орайда елімізде көкөніс өсірумен айналысатын шаруашылықтардың да көбейіп келе жатқанын айту орынды. Тұтынушылар талғамына сай адам ағзасына аса пайдалы, дәруменге бай балғын көкөніс өсірумен айналысатын кәсіпорындардың жұмыс ырғағы мен жылдық табыс көрсеткіштері де арта түскен. Соның бірі әрі бірегейі – Талғар ауданындағы «Green Eco» деп аталатын ерекше жылыжай кешені. Мұнда жайқалған жасыл салаттарға қысы-жазы сұраныс жоғары.
Сараптама • 21 Тамыз, 2024
Таяуда мұнай өңдеу саласын дамытудың 2024-2050 жылдарға арналған тұжырымдамасы жарияланды. Бұл алғаш рет қабылданып отырған жоспар емес. Осыған дейін бірнеше рет мұнай-газ саласын дамытуға қатысты тұжырымдама жарияланды. Соңғы ұсынылған концепцияның негізгі мақсаты – 2014-2017 жылдар аралығында үш мұнай өңдеу зауытын да модернизациялауға бағытталған еді.
Білім • 21 Тамыз, 2024
Оқу жылына дайындығын тексерді
Жаңа оқу жылына санаулы күндер қалды. Соған орай Оқу-ағарту министрлігі еліміздегі білім беру ұйымдарының 2024-2025 оқу жылына дайындығын тексерді. Биылғы мамырда басталған мониторинг аясында жаңа мектептер құрылысы мен тасқыннан кейінгі аймақтардағы су басқан нысандарды қалпына келтіру, оқу кабинетін жабдықтау, ауыл мектептерін жаңғырту, оқулықтармен қамту және қауіпсіздік мәселелері қамтылды.
Таным • 20 Тамыз, 2024
Қазақтың мергендік өнерінде оқ оздыру немесе жебе жарыстыру дейтін үрдіс бар. Бұл сайыстың басты қағидаты – жебе нысанға тию маңызды емес, қарсыласынан оғын оздыру, яғни жебесін алысқа қадау басты шарт. Осы сайыс арқылы көшпелі бабаларымыз мергендердің оғы жеткен қашықтықты еске ала отырып, мергендер қосынын жасақтайтын болған, яғни 75 құлаштық, 100 құлаштық, 150 құлаштық, 200 құлаштық (бір құлаш шамамен 165-175 см) садақшыларды іріктеп алып, мергендер шебін жаятын болған.
Қоғам • 20 Тамыз, 2024
Абай күні жыл өткен сайын жаңғырып, жаңа сипатта тойланып келеді. Әсіресе бұл мерекенің жастар арасында маңызы арта түсті. Соның бір дәлелі – елордада өткен «Dombyra party» атты әдеби-сазды кеш. Онда хакімнің әндері шырқалып, өлеңдері оқылды. Жобаның көңіл сүйінер ерекшелігі, ақын шығармашылығына қатысты челлендж 10 тамыздан бастап әр апта сайын жалғасып отырады. Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы және Сарыарқа ауданы әкімдігінің ыждағатымен жасалған бұл іс-шара ерке Есілдің жағасында, ашық аспан астында ұйымдастырылды.