Теннис • 24 Тамыз, 2021
Елордадағы Ұлттық теннис орталығының корттарында 19-26 қыркүйек аралығында теннистен Astana Open ATP 250 халықаралық турнирі өтеді. Осылайша, Қазақстан астанасы екінші жыл қатарынан кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) әлемдегі ең беделді турнирлерінің бірін өткізуге мүмкіндік алды.
Өнер • 24 Тамыз, 2021
Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген көрерменге өзінің Stranger («Бейтаныс») атты әнін таныстырды. 19 тамызда Сочидегі Олимпиадалық парктің New Wave Hall сахнасында алғаш рет орындалған ән қобызбен сүйемелденіп, көпшілікті таңғалдырды. Ежелгі қазақ аспабы Игорь Крутой мен Димаш Құдайбергеннің жаңа әніне айрықша реңк бергендей.
Аймақтар • 24 Тамыз, 2021
Әлеуметтік пойызбен екпе алуға барыңыз!
Атырау облысы әлі де «қызыл аймақтан» шыға алмай тұр. Мұның басты себебі – коронавирус инфекциясын жұқтырушылардың азаймауы. Осыған байланысты өңірдегі ахуал күрделене түсті.
Аймақтар • 24 Тамыз, 2021
Тойда отырғандардың арасында амалының жоқтығынан, яғни сыйластыққа сызат түсірмеу, туысқандық қатынасты салқындатпау үшін келгендер баршылық. Алыс-берісті ескеріп, есеппен келетіндер де көп. Қазақтың «шақырғаннан қалма, шақырмағанға барма» деген нақыл сөзін қағидаға айналдырғандар да аз емес. Қалай болғанда да тойға келгендердің барлығы елдегі эпидемиялық ахуалды және соған байланысты шектеулерді жақсы біледі. Бірақ, өкінішке қарай, «той десе қу бас домалайды». Бүгінгі тойдың қаупі мен салдарына сол «қу бас» терең мән беріп, нәтиже шығарар емес, әзірге...
Ғылым • 24 Тамыз, 2021
Соңғы онжылдықта барлық дамыған елдерде нанотехнологиялық үдерістердің екпінді дамуы мен экономиканың көптеген саласында қолданылуы байқалды. Қазақстанда бірқатар ғалымның бәсекеге қабілетті нанотехнологияларды белсенді зерттеп, жасап жатқанын атап өту қуанышты.