Өнер • 30 Тамыз, 2018
Орал қаласында Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында «Елеулі есімдер» жобасы аясында қоғам қайраткері, «Шапағат» медалінің иегері Құжырғали Төлеуішевпен кездесу кеші өтті.
Қазақстан • 30 Тамыз, 2018
Түркістан облысында 184 оқу ошағын салу қажеттілігі туындап отыр
Ақтөбе • 30 Тамыз, 2018
Сыртқы сәулеті мен ішкі сәні келіскен
Жаңа оқу жылы балалар үшін де, ата-аналар үшін де айтулы кезең. Қуанышты сәт. Білім күні жаз бойы алаңсыз демалып, жүздерін күн қаққан оқушылар сыртқы сәулеті мен ішкі сәні келісім тапқан мектеп ғимараттарының есігінен енсе қуаныш одан әрі еселене түспек. Осы орайда биыл облыста 15 жаңа мектептің құрылысы аяқталады деп күтілуде. Соның ішінде 8 білім шаңырағының салтанатты түрде ашылу рәсімі Білім күніне тұспа-тұс келіп отыр. Ал қалған 7 мектеп жыл аяғына дейін пайдалануға берілмек.
Білім • 30 Тамыз, 2018
Кеше Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде жаңа 2018-2019 оқу жылына дайындық туралы баспасөз мәслихаты өтті. Шараға Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, вице-министр Асхат Аймағамбетов қатысты. Жиын барысында министр өткен жылы Елбасы, Үкімет білім саласына, жастарымыз бен ұстаздарға ерекше назар аударып, біршама маңызды мәселе шешілгенін атап өтті.