Медицина • 29 Тамыз, 2018

Конституция күніне орай қайырымдылық мерекесі ұйымдастырылды

724 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Нұротандықтар» балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне «MEGA Center Almaty» орталығында бүлдіршіндерге Ата заң күніне арнап арнайы қайырымдылық мерекесін ұйымдастырды.

Конституция күніне орай қайырымдылық мерекесі ұйымдастырылды

Алматыда ҚР Конституциясы күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы мен «MEGA Center Almaty» сауда ойын-сауық кешені бірлесіп, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен жағдайы төмен отбасыларындағы балалар үшін қайырымдылық акциясын өткізді.

Мерекелік шара барысында бүлдіршіндер түрлі байқауларға қатысып, оларға жүлделер мен сыйлықтар табыс етілді. Арнайы балалар үшін «HAPPYLON» ойын-сауық аймағы тегін жұмыс істеді.

 - Бұл акция жыл бойы ұйымдастырылатын болады. Біз барлық балаларға мерекелік көңіл күй сыйлағымыз келеді. Олардың кейбіреулері мұндай аттракциондарды алғаш рет көріп отыр. Сонымен қатар, бүгін тегін концерт өтеді, викторина ойнатылады. Біздің серіктестер осындай бастаманы қолдап, қол ұшын созып отыр. Сондай-ақ, аз қамтылған отбасыларының балаларына мектепке баруға барлық қажетті  маңызды керек-жарақ заттар үлестірілді, - деді «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Алмажан Бақтұразова.

- Біздің қаламызда ойын-сауық орталықтары көп, бірақ барлығы үшін қолжетімді емес. Бүгінгі шараның артықшылығы балаларға ойын карталары таратылып,  өзіне ұнаған ойын автоматтарын таңдау мүмкіндігіне ие болды. Мұндай акциялар үлкен ата-аналар мен балалар үшін қолдау қолдау болып табылады- деп атап өтті шара қатысушысы, екі баланың анасы Ольга.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай акциялар Конституция күні қарсаңында үнемі ұйымдастырылып отырады. Аудандық партия филиалдары бұндай іс-шараларды жүргізеді.

 Қайырылдылық акциясынан шаттанып мәз болған бүлдіршіндер ерекше арайға бөленіп, Ата Заңның шуағын сезінгендей, мерейленіп тарқасты.

 

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ