Аймақтар • 22 Тамыз, 2020
Теріскейде телеайтыс мәресіне жетті
Қызылжарда үш айға созылып, жаман індеттің кезінде халықтың рухын көтеріп, өнермен сусындатқан «Қызылжар аламаны» телевизиялық айтысы өзінің мәресіне жетті. Қазақтың айтыс өнерін ұзақ жылдар бойы өрге сүйреп келе жатқан ақтаңгер ақын, Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы термешілер одағының төрағасы Жүрсін Ерман бастаған қазылар алқасы төрелік еткен айтыста Есіл ауданының жас ақыны Абзал Жұмабек бас жүлдені жеңіп алды. Онымен ақтық сайысқа шыққан Жұмабек Рахымовқа бірінші жүлде бұйырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Тамыз, 2020
Алматының Наурызбай ауданында демалыс күндері қандай нысандар жұмыс істемейді?
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы №56 қаулысына сәйкес, Наурызбай ауданында алдағы демалыс күндері сауда үйлерінің, сән салондарының, шаштараздардың, қоғамдық моншалардың, сауналардың және фитнес орталықтардың жұмысы тоқтатылады. Қоғамдық көліктер де өз жұмысын тоқтатпақ, деп хабарлайдф Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2020
Республикалық жоба аясындағы ойын
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен "Мың бала" республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында "Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі" атты зияткерлік ойыны өткізілді. Ойынға қала мектептерінен 15 оқушы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 22 Тамыз, 2020
Экология министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қолға алуда
Экология, геология және табиғат ресурстары министрлігінің Жауапты Хатшысы Сәбит Нұрлыбайдың төрағалығымен, Экологиялық реттеу және бақылау, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі, Гелогия және су ресурстрары комитеттерінің, сонымен қатар Комитеттердің аумақтық департаменттерінің мен инспекция басшыларының қатысуымен ВКБ арқылы Минстрліктің және оған бағынысты аумақтық ведомтсволар қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кеңес өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2020
Облыс бюджетінің 30 пайыздық шығыны білімге жұмсалуда
Президент Қ.Тоқаев мемлекеттік органдардың алдына "халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидатын қалыптастыру міндетін қойғаны белгілі. Қазір халықтың сұранымына "кері байланыс" механизмі орнатылуда. Осыған орай Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов депутаттардың алдында есеп берді. "Коронавирус пандемиясы бәріміз үшін үлкен сынақ болды. Күнделікті өмірге үлкен өзгерістер әкелді. Барлық салалардың дамуына әсерін тигізді. Әсіресе, қызмет көрсету бизнесі зардап шекті. Мемлекет қиын-қыстау кезеңде тұрғындар мен бизнеске барынша қолдау көрсетті. Экономиканы тұрақтандыру, адамдарды еңбекпен қамту және табысын өсіруге ерекше көңіл бөлінуде", деп бастады өзінің сөзін әкім.